«Партияның Орталық аппаратында «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібектің төрағалығымен өткен мәжілісте Түркістан, Қостанай, Қарағанды, Атырау облыстық партия филиалдарының атқарған жұмыстары бойынша есебі тыңдалды. Партияның Түркістан облыстық филиалының биылғы 11 айдағы жұмыс нәтижелерін облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев баяндады» деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Жиында Түркістан облысында жыл басынан бері партия қатарына 3 220 адам қабылданып, партия мүшелерінің саны 84 879 адамды құрағаны айтылды. Бұл бағыттағы жылдық жоспар 185 пайызға артығымен орындалып, партияластарымыздың қатары едәуір кеңейді. Жаңа мүшелердің қабылдануы партияның сапалық құрамын нығайтып, қоғаммен жұмыс жүргізу әлеуетін күшейтті. Әртүрлі сала мамандарының, белсенді азаматтардың қосылуы партия жұмысының практикалық тиімділігін арттыра түсті.
Өңірлік деңгейдегі партия жұмысын тиімді ұйымдастыруда және партиялық міндеттерді толыққанды жүзеге асыруда демеушілер есебінен облыстық филиалдың материалдық-техникалық базасы жаңартылды, 16,3 млн. теңгеге 14 жиынтық оргтехникалар, конференц залға дыбыс күшейткіш құралдары алынды. Партияның аумақтық құрылымдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше басымдық берілді. Соның ішінде Сайрам аудандық партия филиалына қызметтік автокөлік алынды, жаңа ғимарат салынып, ішкі әрлеу жұмыстары басталды. Келес аудандық партия филиалы ғимаратының іргетасы құйылып, құрылысы қолға алынды. Аудандық, қалалық 14 партия филиалдарының ғимараттары ағымдағы жөндеуден өтсе, 241 бастауыш партия ұйымдары толығымен кабинеттермен және біріңғай ақпараттық стендтермен қамтылып, оргтехникалармен жабдықталды.
Партияға деген сенім ең алдымен қоғамдық қабылдаулардың жұмысы арқылы бағаланатыны айтылды. Партияның Түркістан облыстық филиалы биылғы 11 айдың өзінде 14 398 арыз-өтінішті тіркеп, халық пен билік арасындағы ең тиімді кері байланыс арнасын түзді. Әрбір өтініш жеке қаралып, жағдайға қарай нақты шаралар қабылданды. Түрлі сала мамандарының, жергілікті атқарушы органдар басшыларының, депутаттардың, құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өтетін қабылдаулар тұрғындардың мәселесін дәл сол жерде шешуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде, тіркеуге алынған барлық өтініштердің 9578-і немесе 66,5 пайызы оң шешімдерін тапса, 4751 өтінішке немесе барлық өтініштердің 33 пайызына көтерілген мәселелердің құқықтық реттеу тетіктері түсіндірілді. Қалған 69 өтініштің орындалуы – қадағалауға алынған.
Өткізілген сайлау науқандары партияға деген қоғам сенімінің нығайғанын дәлелдеп берді. Биыл Түркістан облысында 71 ауылдық округ әкімдерінің, Сайрам ауданы әкімінің, 4 шығып қалған мәслихат депуттарының орнына сайлау өткізу жоспарланды. Оның ішінде 70 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтті, алда Ақсукент ауылдық округі әкімінің сайлауы өтеді. Азаматтар «AMANAT» ұсынған кандидаттарға қолдау білдіріп, олар 69 ауылдық округтерде айқын басымдықпен жеңіске жетті.
habarlike.kz