Аға буын – «Amanat» партиясының айрықша назарында

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы қоғамда аға буынға деген құрметті күшейтуді көздейді, аға толқынның өнегесі мен тәжірибесін жастарға жеткізуді, ұрпақтар сабақтастығы дәстүрін жалғастыруды мақсат тұтады. Осы бастама аясында партияның Жетісай аудандық филиалы «Қарттарды аялайық!» атты тағлымды кездесу өткізді.Мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараға қоғамның белсенді өкілі болып табылатын қазыналы қариялар, ақ жаулықты аналар қатысты. Жиында ауданның беделді қариялары, қоғамның құрметті ақсақалдары – Жетісай ауданының Ардагерлер және Ақсақалдар кеңестерінің төрағасы Айтбай Махамбет, Жетісай қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұғалбек Жұмабаев сөз алып, азаматтарды елдік істерге жұмылдыру мәселесі бойынша келелі ойларын ортаға салды.

Кездесу барысында ардагерлер ел ішіндегі татулық пен ынтымақты сақтау, ұрпақ тәрбиесі, рухани құндылықтарды дәріптеу, үлкенге ізет пен кішіге қамқорлық көрсету сынды маңызды мәселелерді кеңінен талқылады. Аға буынның өмірлік тәжірибесі мен ақыл-парасаты жастардың бойына отансүйгіштік сезімін қалыптастыруда ерекше рөл атқаратыны атап өтілді.

Жиында ардагерлерге арналған әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіру, қазыналы жасқа жеткен қариялардың тұрмыс-тіршілік жағдайларын жақсарту, ұрпақтар сабақтастығын нығайту бағытындағы ұсыныстар тыңдалды. Тағлымды жүздесуде айтылған әрбір пікір мен ұсыныстар партияның аудандық филиалы тарапынан бақылауға алынып, олар бойынша жауапты органдармен бірлесе нақты шешімдер қабылданатын болады.

Кездесуді ұйымдастырған аманаттықтар негізгі мақсат – ардагерлердің қоғамдағы орнын айқындап, олардың өмірлік тәжірибесін келешек ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ аға буынға деген құрмет пен қамқорлықты арттыру екенін айтты. Партия өкілдері ардагерлерді қолдауға бағытталған бастамаларды күшейту керек екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жалғасын табатынына сенім білдірді.

Атап өтуіміз керек, «AMANAT» партиясы үшін ардагерлерді ардақтау – құрмет қана емес, елдік жауапкершілік. Партия алдағы уақытта да қариялармен тұрақты кездесулер өткізіп, олардың аманатын, ұсыныстарын және тілектерін орындауға бар күш-жігерін жұмсайтын болады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Анықтама алуға көмек көрсетілді

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  көрсету орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде…