Аудан әкімі сенбілікте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына аудан әкімі Арман Абдуллаев, 13 ауылдық округ пен Сарыағаш қаласының тұрғындары, мемлекеттік мекемелер мен ұйым қызметкерлері, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, жастар мен еріктілер белсене қатысты.

Сенбілікте республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында, сондай-ақ ішкі көшелер мен қоғамдық орындарда тазалық жұмыстары жүргізілді. Көшелер мен жол жиегіндегі бей-берекет тасталған қоқыстар жиналып, арамшөптер орылып, қураған ағаш бұтақтары кесілді. Жалпы сенбілікке мыңнан астам адам қатысып, 15 тоннадан астам қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына 11 арнайы техника жұмылдырылды.

«Таза Қазақстан» науқанының негізгі мақсаты – халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлық пен отансүйгіштік құндылықтарын дәріптеу. Бұл бастама «Адал адам – адал еңбек – адал табыс» қағидаты негізінде жүзеге асуда.

А.Серік.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сарыағашта турнир өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясынаң 30 жылдығы мен 25 қазан Республика күніне орай аудандық ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан…
Толығырақ

Менің анам

Әлемде қанша керемет болса, біріншісі және бірегейі әркімнің өз Анасы дер едім. Ең қасиетті Жан, жаныңа жақыны, жүрегіңе…
Толығырақ

Жол сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде облыстық жолаушылар көлігі және…