Ауғанстандық инвесторлар Түркістанды аралады

Түркістан облысына инвестиция тарту, экономиканы тұрақтандыру және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында шетелдік инвесторлармен әріптестік байланыстар орнатып, тәжірибе алмасу жұмыстары ұдайы жүргізіліп келеді.

«Осы мақсатта бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков пен Ауғанстан елінен келген инвесторлар Түркістан қаласындағы мәдени-тарихи нысандарды аралады. «Ұлы Дала Елі» орталығы, Ясауи музейі және «Керуен сарай» кешенінің жұмысымен танысты» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аралау жұмыстары Сауран ауданындағы «Шағын өнеркәсіптік паркінде» жалғасты. Мұнда инвесторлар өңірдің өндірістік әлеуетімен, паркте орналасқан кәсіпорындардың жұмыс барысымен танысты. Атап айтқанда, олар «UBS» халықаралық тоңазытқыш шығаратын зауыты мен жиһаз өндіретін «Aqniet Holding» кешенін аралады.

Кездесу барысында Талғат Қозбеков өңірде жүзеге асып жатқан ірі инвестициялық жобалар туралы баяндап, облыстың өндірістік және экономикалық әлеуетін таныстырды.

Ауғанстандық инвесторлар Түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.

Кездесу нәтижесінде қос тарап сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту бағыттарын жан-жақты талқылады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сарыағашта турнир өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясынаң 30 жылдығы мен 25 қазан Республика күніне орай аудандық ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан…