Елдік сананың көрінісі

Қараңгы қазақ көгіне,

 Өрмелеп шығып күн болам!

Қараңғылықтың кегіне,

Күн болмаганда кім болам?!

Мұздаган елдің жүрегін,

 Жылытуга мен кіремін…»

(Сұлтанмахмұт Торайгыров)

Қоғамның даму деңгейі мен өркениеттілігінің басты өлшемі – халықтың білімге, кітапқа және рухани құндылықтарға деген көзқарасы. Рухани бай, ойлы, парасатты ұлт – мықты мемлекеттің тірегі. Сондықтан да оқырман ұлт қалыптастыру – егемен еліміздің стратегиялық маңызды бағыты, ал Республика күні – сол рухани биіктіктің, елдік сананың мерейлі көрінісі.

Кітап – ел руханиятының шамшырағы.

Кітап – адамзат өркениетінің ең ұлы табысы. Ол – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты байланыстыратын алтын көпір. Республикалық рух пен елдік сана дәл осы кітап беттерінен, ұлы тұлғалардың ойынан, тарихтың тағылымынан нәр алады. Кітаптың шығу тарихына аз кем тоқталар болсақ.

Кітапты ежелгі заманда Мысырда, Шығыс елінде, Грецияда, Римде кыш текшелерінде, тақта тастарында сын жазумен жазатын болган.

Ежелгі мысырда Фараондары (патшалары) қамысты өңдейтін кітаптарды көптен көшіретін шеберханалар ашкан, қамыстан жасалған оқтауша кітаптары онша тезімді болмаған.

Біздің заманымыздан бұрын  II-ғасырда қамыстың орнына тері жарғақ (пергемент) қолдана бастады. Әу баста жарғақ кітап орама түрінде жасалды. Біздің заманымыздың I-ғасырынан бастап түптелген, парақты бүктеме кітап жарык көрді.

105 жылы, яғни біздің заманымыздың.II- ғасырында қарапайым кытай шебері Цой Лунь кағазды ойлап тапты. Ескі шүберектен жасалған Самарқанның сарғыш қағазы әлемге әйгілі болды. ХІІ ғасырда қағаз жасау өнері Шығыстан Батысқа қарай тарады.

Баспа кітап өнерінің тууы, кітаптың дамуына кең жол ашты. Алғашқы баспа қалыбы (кислография) ХІ- гасырла пайда болды. 1045 жылы Чин өнерпазы Би-Шен құймалы әріптерді литерді жасап шығарды.

Қазак жерінде кітаптың шығуы Қазақстан Россияга қосылуымен байланысты Бұған дейін казак халкының кітаптары араб әліпбиімен жазылып, қолжазба түрінде тарады.

Қазіргі таңда еліміздің кітапханаларында түрлі сала бойынша және балалармен жасөспірімдерге арналған әдемі безендірілген, көз жауын алатын, қызықты кітаптар өте көп.

Қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, оған қоса адамгершілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, шындық, адалдық, үлкендерді  құрметтей  білу сияқты асыл қасиеттер бала бойына кітап арқылы біртіндеп сіңеді. Кітапхана – сол асыл мұраны сақтап, ұрпаққа жеткізуші рухани орда. Кітапханашының еңбегі – оқырман тәрбиелеу арқылы ұлттың мәдени деңгейін көтеру, елдің ертеңіне үлес қосу.

Бүгінде елімізде кітап оқу мәдениетін дамыту мақсатында түрлі жобалар жүзеге асуда: «Оқитын ұлт», «Бір ел – бір кітап», «Кітапханаға тарту», «Кітап оқимыз, ел боламыз» сынды бастамалар – осы бағыттағы үлкен қадамдар. Бұл жобалардың барлығы Республика рухымен үндесіп, ұлттың саналы, білімді болашағын қалыптастыруға қызмет етеді.

Рухани жаңғыру – оқырмандық мәдениеттен басталады.

Рухани жаңғырудың басты тірегі – ұлттық сана мен тарихи жады. Ал оны сақтап, жаңғыртудың ең тиімді жолы – кітап оқу. Кітап оқитын ұлт ешқашан рухани әлсіреп, өз жолынан адаспайды.

Кітап арқылы адам дүниетанымын кеңейтеді, тіл байлығын дамытады, ел мен жердің қадірін түсінеді. Сондықтан оқырман ұлт қалыптастыру – өркениетті қоғам құрудың ең сенімді жолы.

Республика күні – тек мемлекеттік мереке емес, ол елдің азаматтық жауапкершілігі мен рухани деңгейін көрсететін күн. Бұл мерекені тойлау арқылы біз өз мемлекеттігімізді, тәуелсіз ойымызды, ұлттық болмысымызды дәріптейміз.

Кітапханашының миссиясы – ұлт рухын ояту. Кітапханашы – тек ақпарат сақтаушы емес, ол – оқырманның рухани серігі, мәдениет пен білімнің насихатшысы. Кітапханашы жұмысы арқылы ел жастарының бойында отансүйгіштік, ізгілік пен жауапкершілік сезімі қалыптасады.

Сондықтан да кітапханашылардың әр ісі Республика рухымен ұштасады. Олар жас ұрпақты кітап оқуға, ойлануға, елін сүюге, мәдениетті болуға баулиды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның өркениетті, ойлы, оқырман ұлтына айналу жолындағы ең маңызды миссия.

Қорыта келгенде, «Оқырман ұлт – Өркениетті Республика» – тек ұран емес, бұл – болашаққа бағдар. Кітап оқитын ел ғана кемелдікке жетеді, ал рухани бай ұлт қана мәңгілік ел бола алады.

Республика күні – осы рухани кемелдіктің, елдік бірліктің, мәдени жаңғырудың мерекесі.

Білім мен кітапты құрметтеген халық – биік мақсатқа жетеді. Қай дәуір, қай қоғам болмасын, рухани байлықтың бастауы – кітап. Кітап – адамды ізгілікке, парасаттылыққа жетелейтін, өмірдің сан қырын танытатын сенімді жолбасшы. Ол – өткен мен бүгінді, бүгін мен болашақты жалғайтын алтын көпір. Қанша жерден заманауи технология дамыса да, кітаптың тәрбиелік, танымдық, адамдық құндылығын ештеңе алмастыра алмайды.

Сондықтан да оқыған адамның күні – қашан да жарық, өмірі – мазмұнды. Ал кітап – сол жарықтың мәңгілік шырағы.

Багила Абзейтова,

Түркістан облыстық  Ы.Алтынсарин атындағы

балалар кітапханасының кітапханашысы.

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қариялардың да құқығы ұмытылмайды

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы  әлеуметтік  қызметтер  көрсету орталығы»  коммуналдық  мемлекеттік  мекемесінде…
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Ежелден құтты…