ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданы білім бөлімінің №30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте еңбек адамдарын ұлықтауға арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараны «Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағы ұйымдастырды.

Іс-шараны мектеп директоры Қансеитова Салтанат Ордабекқызы мен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Турлыбеков Анарбек Шардарбекович ашып, жұмысшы мамандардың мектеп өміріндегі маңызды рөліне ерекше тоқталды. Ұжымдағы еңбектің ұйымдасқан түрде жүруі, оқу ордасының тазалығы мен қауіпсіздігі, жайлы орта қалыптастыру — барлығы жұмысшы мамандардың жауапты қызметімен тығыз байланысты екенін атап өтті.

Еңбегімен көзге түскен мамандар келесі марапаттарға ие болды:

-«Қазақстан салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Түркістан облыстық ұйымы» Құрмет грамотасы

-Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы «Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» Құрмет грамотасы

-Білім бөлімі атынан Алғыс хат

-«Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының Алғыс хаты

Сонымен бірге кәсіподақ ұйымы тарапынан арнайы сыйлықтар табысталды.

Бұл марапаттау рәсімі – жұмысшы мамандарға деген құрметтің нақты көрінісі. Осындай шаралар еңбек адамдарының маңызын арттырып қана қоймай, ұжымда ынтымақ пен жауапкершіліктің нығаюына септігін тигізеді. Еңбегі еленген мамандар — қоғамның дамуына өз үлесін қосып жүрген нағыз тірек тұлғалар.

Түркістан Облысы Кәсіподақтар Орталығы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Үш жүзден аса өтінім қаралды

Экология департаменті экологиялық реттеу және бақылау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясына, Экология…