Этнос жастары арасындағы достық – жарқын болашақ

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы мен аудандық «Студенттік Ассамблея» жастарының бірлескен жоспары негізінде Ақсукент ауылында орналасқан Е. Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжінде қысқы демалыс кезеңінде білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау этнос жастары арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында Е. Сарманов атындағы гуманитарлық агроэкономикалық колледжі мен А. Исмайлов атындағы кәсіптік колледжі арасында спорттық бағыттағы жолдастық кездесу ұйымдастырылды.

Мақсаты – студенттердің спортқа деген қызығушылығын арттыру, денсаулықты нығайту, бос уақытты тиімді пайдалану және екі оқу орны арасындағы ынтымақтастықты дамыту.

Жолдастық кездесу барысында білім алушылар шахмат және үстел теннисі спорт түрлерінен өзара бақ сынасты. Қатысушылар өздерінің ептілігі мен шеберлігін, логикалық ойлау қабілеті мен жылдамдығын көрсете білді.

Білім, мінез, төзім мен сабыр сынға түсетін сан түрлі сайыстар арқылы тәрбие мен тағылымды бойына сіңірген жастарымыз әрдайым алда болары анық. Алдағы уақытта осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор спорттық кездесулер аудан көлемінде жалғасын табатын болады.

«Қоғамдық келісім» КММ-нің Сайрам аудандық филиалы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Созақта футбол алаңы ашылды

Республика күні мерекесі қарсаңында Созақ ауданы, Қозмолдақ елді мекенінде жабық үлгідегі кіші футбол алаңының құрылысы аяқталып, ауыл тұрғындары…