Этнос жастарына арналған рухани-танымдық шара болып өтті

«Мәдениетті ана — мәдениетті ұлт» жобасы аясында Сауран аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Жуманова Нышанкүлдің бастамасымен этнос жастарына арналған тағылымды әрі тәрбиелік мәні зор мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Нышанкүл ханым өз қарамағындағы музейде арнайы көрме өткізіп, жас ұрпақты халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасымен таныстыруды мақсат етті.

Көрме барысында этнос жастары музей қорында сақталған тарихи жәдігерлерді, ұлттық тұрмыстық бұйымдарды, қолөнер үлгілерін және өткен мен бүгінді байланыстыратын құнды экспонаттарды тамашалады. Әрбір жәдігердің шығу тарихы мен мән-мағынасы кеңінен түсіндіріліп, жастарға ата-бабадан мирас болып қалған асыл құндылықтардың қадір-қасиеті жайлы тағылымды әңгімелер айтылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – өскелең ұрпақтың бойына ұлттық сана-сезімді қалыптастыру, мәдени мұраға деген құрметті арттыру, сондай-ақ этнос жастары арасындағы рухани байланыс пен бірлікті нығайту. Осындай мазмұнды кездесулер жастардың тарихқа деген қызығушылығын оятып, елжандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді дамытуға оң ықпал етеді.

Аналар кеңесі әрдайым қоғамдағы тәрбиелік мәселелерге ерекше мән беріп, жастарға бағытталған игі бастамаларды жүйелі түрде жүзеге асырып келеді. Жуманова Нышанкүлдің бұл бастамасы – ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Алдағы уақытта да осындай тағылымы мол, тәрбиелік мәні жоғары шаралар өз жалғасын табады деп сенеміз.

П.Ракым.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мемориалдық кешен жаңартылды

Түркістан облысы Қазығұрт асуындағы «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Нысан құрамына кеме пішіндес, биіктігі…