Іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидалары түсіндірілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі — Департамент) ұйымдастыруымен 2025 жылғы 11 желтоқсанда аумақтық мемлекеттік органдардың, облыс әкімі аппаратының және аудан, қала әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен семинар өткізілді.

Аталған семинарда, Департамент басшысының орынбасары Р. Мадибеков мемлекеттік қызметшілердің іскерлік әдеп пен ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, ойын мекемелеріне барудан бас тарту, қол астындағы қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу туралы түсіндірді.

Сонымен қатар, Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Н. Базарбек мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулер, Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау мен мемлекеттік қызмет өткеру бағытындағы өзгерістер туралы, құмар ойын мекемелеріне бару тәртіптік жауаптылықты көздейтін болса, құмар ойынына қатысу, бәс тігу қызметтен босатуға алып келетінін баяндады.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің қызметте де, қызметтен тыс уақытта да әдеп нормаларын сақтауды басты назарда ұстау керектігін жеткізді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts