Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мәселелері талқыланды

Отырар ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның көшпелі отырысы өтті. Комиссия отырысын Отырар ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Айдос Құлмаханов ашып, жүргізіп отырды.

Көшпелі отырыс С.Мұқанов, Ы.Алтынсарин, С.Сейфуллин, М.Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектептерінде ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында жүргізіліп жатқан тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру, кәмелетке толмағандар арасындағы өзекті әлеуметтік мәселелердің алдын алу, сондай-ақ балалардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыстарды күшейту болды.

Күн тәртібіне сәйкес мектеп директорлары «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының орындалу барысы жөнінде баяндама жасап, оқу-тәрбие жұмыстарының жүргізілуі туралы есеп берді. Сонымен қатар жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу, тәуекел тобындағы балалармен атқарылып жатқан профилактикалық жұмыстардың барысы кеңінен талқыланды.

Комиссия төрағасы Айдос Құлмаханов өз сөзінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтарын қорғау және психологиялық қолдауды күшейту – басты міндеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ ата-аналармен, білім беру ұйымдарымен және жауапты мемлекеттік органдармен өзара байланысты нығайту қажеттігін жеткізді.

Отырыста комиссия мүшелері білім беру мекемелеріндегі психологиялық қызметтің жұмысын жандандыру, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды.

Көшпелі отырыс қорытындысы бойынша сала басшылары мен мектеп әкімшіліктеріне нақты тапсырмалар беріліп, анықталған мәселелерді шешу бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастыру тапсырылды.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Түркістан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Премъер-мининстрінің орынбасары Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында Түркістан облысында егінге қажетті…
Толығырақ

Келесте жаңа көпір салынады

Түркістан облысының Келес ауданында Келес өзенінен өтетін ескі көпірдің орнына жаңа көпір салу жоспарлануда. Аталған жағдай облыс басшылығының…