Келестік диқан бір жылда үш өнім алды

Келес ауданының шаруалары заманауи технологиялар арқылы жерді тиімді пайдаланып, бір жылда үш рет өнім алу тәжірибесін кеңейтуде. Біртілек ауылдық округінің тұрғыны, Халық Асылбек 3 гектар жерге биыл үш рет егін егіп, табысты нәтижеге қол жеткізді.

– Ең бастысы – жерге жанашырлықпен қарау керек. Өткен күзде пияз егіп, ерте көктемде жинап алдық. Одан кейін картоп егіп, оны тамыз айында жинадық. Қазір үшінші өнім – болгар бұрышын теріп жатырмыз. Әр өнім өз еңбегінің жемісін беріп отыр, – дейді шаруа Халық Асылбек.

Айта кетейік, биыл Келес ауданында 3,5 мың гектар жерге егіс егілді. Оның ішінде 700 гектары астық, 560 гектары картоп, 1,3 мың гектары көкөніс, 730 гектары мал азықтық дақылдар. Биыл 2 гектар жаңа жылыжай салынып, тамшылатып суару әдісі 63 гектар жерге енгізілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ордабасыда жәрмеңке өтті

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасымен аудан, қалаларда жұмыс орындарын ашу, жұмыспен қамту бастамалары жандана түсті. Осы ретте Ордабасы…
Толығырақ

Тұрақты даму мақсатында халықаралық журналистиканы оқыту модельдері

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасы Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының қолдауымен…