Мемориалдық кешен жаңартылды

Түркістан облысы Қазығұрт асуындағы «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені жаңғыртудан өтіп, пайдалануға берілді. Нысан құрамына кеме пішіндес, биіктігі 11 метр болатын монумент, нақыл сөздер жазылған 3 монумент, 2 демалыс орны, 2 сауда орны, сондай-ақ әжетхана енгізілген. Кешен аумағында биіктігі 51 метр болатын мемлекеттік Ту орнатылған. Сонымен қатар 1880 шаршы метр аумаққа газон төселіп, 29 жарықтандыру шамы қойылды. Айналаны көгалдандыру мақсатында 400 түп шырша көшеті егілген. Абаттандыру жұмыстары 2024 жылдың шілде айында басталып, 2025 жылдың қазан айында аяқталды. Мемориалдық кешеннің жалпы аумағы – 5 гектар.

Жобаны «Қарағанды Көркем» ЖШС жүзеге асырды.

Аталған құрылыс жұмыстары әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, туристік әлеуетті арттыруға және елді мекеннің сәулеттік келбетін жақсартуға бағытталған.

Ашылу рәсіміне Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, көпшілікті құттықтады.

– Ата-бабаларымыз «Қазығұрттың басында кеме қалған, ол әулие болмаса неге қалған?» деп бекер айтпаған. 2004 жылы бой көтерген «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені – ұлттың рухын көтеретін, тарих пен дәстүрді дәріптейтін ерекше нысан. Бүгін осы мемориалдық кешеннің қайта жаңғыртудан өтіп, жаңа кейіпке енуіне куә болып тұрмыз. Аталған ескерткіш – ұлттың бірлігі мен берекесінің, ізгіліктің символы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мәдени мұра мен рухани туризмді дамытуды ел дамуының маңызды бағыты ретінде айқындады. Осы бағытта Түркістан облысында тарихи-мәдени нысандарды сақтап, өңірдің туристік әлеуетін арттыру бойынша жұмыстар атқарылуда. Қазығұрт – тарихы терең өңір. Осы аймақта туризмді дамыту – ортақ міндетіміз. Бүгінгі жаңғыртудан өтіп, қайта ашылып отырған «Нұх пайғамбар кемесі» мемориалдық кешені ел рухын асқақтататын ескерткіш болады деп сенемін. Халқымыздың мәртебесі Қазығұрт тауындай биік, әрбір бастамамыз жемісті болсын! – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts