ОБЛЫСТЫҢ ДАМУ ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарында 5 бағыт, 27 негізгі ұлттық индикатор, 18 нысаналы индикатор және 77 нәтижелі көрсеткіш қарастырылған. Облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбековтің төрағалығымен өткен мәжілісте аталған жоспардың орындалу барысы  баяндалды.
Бекітілген индикаторлардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды тапсырған Талғат Қозбеков алдағы жоспарға нақты шараларды ұсынуды жүктеді.
– Облыстың алдағы 5 жылға арналған даму жоспарын қалыптастыру мақсатында салалық басқармалар мен департаменттер тиісті салалық министрліктермен нақтылап, келісілген көрсеткіштер жоспарын пысықтап, ұсыныңыздар. Өңірдің даму жоспары облыс дамуына тікелей ықпал ететін құжат болғандықтан, жауапкершілікті, нақты іс-әрекетті талап етеді. Жыл соңына дейін бекітілген индикаторларға қол жеткізу үшін барлық мүмкіндік бар. Көрсеткіштердің орындалуын қатаң бақылауға алып, кемшіліктерге алдағы уақытта жол бермеуді тапсырамын, – деді Талғат Қозбеков.
«Жиында Түркістан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысы Қанат Қайыпбек салаларда 8 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстардың нәтижесін баяндады. Оның мәлімдеуінше, 2025 жылғы 8 айдың қорытындысымен жоспардың орындалуы бойынша мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде, денсаулық сақтау, білім, ауыл шаруашылығы, туризм салаларында, Полиция және Төтенше жағдайлар департаментіне қатысты өзекті мәселелер анықталды. Жіті қаралып, мәселені тез арада шешу бойынша нақты тапсырмалар берілді» деп хабарлайды облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын қалыптастыру жайы пысықталып, ұсыныстар айтылды.
Даму жоспары нысаналы индикаторлардың декомпозициясын нақтылайтын инвестициялық жоспармен толықтырылды. Инвестициялық жоспар басым және проблемалық аймақтар картасын қамтиды (SWOT анализ). Бұл картада салалар бойынша әлсіз және күшті тұстарын, қауіптер мен мүмкіндіктерін талдап, инвестициялық жобалар есебінен шешу жолдары ұсынылады.
Мәжіліс барысында айтылған тапсырмалар хаттамаға енгізіліп, орындалу барысы қатаң бақылауда болады.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

СТАМБҰЛДАҒЫ АРАСТА БАЗАРЫ

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде…
Толығырақ

Тұңғыш теміржолшының тағдыры

1930 жылдың 1 мамырында Түркістан-Сібір теміржолының ашылу салтанаты өтті. Шойын жолмен ең алғашқы болып құрылыс заттарын артқан Э-1441 паровозы…