Полицейлер дәрігерлерге түсіндірді

Түркістан облысында құқық қорғау органдары азаматтарды алаяқтықтан қорғауға ерекше назар аударуда. Осы орайда полицейлер медицина қызметкерлерімен интернет-алаяқтыққа қарсы кездесу өткізді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Кентау қалалық полиция бөлімінің бастығының бірінші орынбасары Азамат Сарсенкулов пен қалалық ПБ жедел уәкілі Ж. Байзақ Кентау қалалық ауруханасының қызметкерлерімен интернет-алаяқтықтың алдын алу бағытында ауқымды профилактикалық жиналыс өткізді» дейді баспасөз хабарламасында.

Жиынға қатысушыларға жеке деректерді қорғау, банк карталарының реквизиттерін бөгде тұлғаларға бермеу, күмәнді сілтемелерге өтпеу және белгісіз нөмірлерден келетін қоңырауларға сенбеу туралы нақты профилактикалық кеңестер ұсынылды.

«Іс-шара барысында алаяқтықтың кең таралған түрлері, оның ішінде жалған сайттар, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалу, әлеуметтік желілер арқылы жасалатын алаяқтық және жалған инвестициялық ұсыныстар жөнінде жан-жақты ақпарат берілді» деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АРДАГЕРЛЕР – АСЫЛ ҚАЗЫНА

«AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Сарыағаш ауданы, Жылға ауылдық округіндегі №44 Ғабиден Мұстафин атындағы жалпы орта мектепте…
Толығырақ

Түркістан облысының тарихи-мәдени бағытындағы туристік әлеуеті жанданады

Түркістан облысында экономикалық, тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады.…