Түркістан облысы, Сауран ауданындағы Қарашық ауылдық округінің экономикасы жыл өткен сайын дамып келеді. Ауыл халқы еңбекқор, ауылшаруашылығына жақын. Қазіргі таңда ауыл көркейіп, бойына қан жүгірген, оңды өзгерістер де жетерлік.
Қарашықтың құрамына Қарашық, Құмтүйін, Қаратөбе елді мекендері кіреді. Он мыңнан аса халқы бар ауыл Түркістанға жақын орналасқан. Халқының көпшілігі бейнеткеш диқан қауымы. Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері -15497 гектар. Оның ішінде, суармалысы -3350 гектар, жайылымы -11808 гектар. Ащысайда 3600 гектар болса, Қаратөбеде 3708 гектарға жетеді. Шабындық жердің аумағы -287 гектар. Басқа да жерлер-102 гектар шамалас.
Қарашық ауылдық округі бойынша 2,6 га жылыжай бар. Соған байланысты 2-3 өнім алу жобасы бойынша 25 жоба бекітіліп, іске асырылуда. Азық түлік белдеуі бойынша 2000 гектар жоспарланған.
Қарашық ауылдық округінде «Картекс»агро АӨК жұмыс істеп тұр. «Маханбет» шаруа қожалығының төрағасы Калия Саулембаева мал бордақылау алаңын салған. «Рахат» шаруа қожалығының төрағасы Фуркат Айтметов 1,0 гектарға жылыжай салуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында шағын, әсіресе, микробизнес еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен болатын. Бұл сала ең алдымен, тұрғындарға тұрақты жұмыс береді, жұмыссыздықты азайтады. Сонымен қатар, салық базасын құрап, жергілікті бюджетті нығайтады. «Сондай-ақ, жаппай кәсіпкерлікті дамыту санаға сіңген патерналистік пиғыл мен масылдықтан арылуға мүмкіндік береді. Сондықтан мемлекет алдағы уақытта да бизнеске қолдау көрсете береді», деді Президент.
Осы орайда облыс орталығы Түркістан қаласында кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, көптеген бағдарламалар қолданысқа еніп, кәсіп иелерінің игілігіне жаратылуда. Мұның барлығы өнеркәсіп, шағын және орта бизнес, бөлшек сауда, ауыл шаруашылығы саласында өз жемісін беруде.
Осы ретте қарашықтық кәсіпкерлер барынша тиімді де табысты саланы игеруге кіріскен. Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында ауылдық округ бойынша бір мақта зауыты орналасқан. «Тұран» мақта зауытын алыс-жақындағы ағайындар жақсы біледі. Бір сүт өңдеу цехы, бір жіп иіру цехы, бір май шығаратын цехы, бір сабын өндіретін цехы, төрт дәріхана, бір диірмен жұмыс істейді.
Биыл 800 гектар егістік жерге «Түркістан» сортындағы мақта егеді. Мақтаны Ресей федерациясына, Чехия, Латвия, Иран, Молдова елдеріне жіберген. Ауылда тойхана, тамақтану орындары, наубайханалар, автокөліктерге арналған желімдеу цехі, автокөлік жуу орындары, май құю бекеттері, «Нұр — Әсем» мал базары жұмыс істейді.
Жұмсақ жиһаз шығаратын «Дивалюкс» ЖШС-і өнімдерін облыстар мен шет елдерге шығарады. Жүзден аса адам жұмыс істейтін цех еліміздің бірнеше аймағынан тапсырыс қабылдайды. Ол жерде жиһаздың 40-қа жуық түрі дайындалады. Өндіріс орны қажетті шикізатты Түркия елінен алып, мамандарды өздері оқытады. Аталмыш цехта айына 500-ге жуық жиһаз құрастырылып, сатылымға шығарылады.
Қарашық елді мекеніне 2 (екі) трансформатор орнатылған. Жергілікті кәсіпкер Муютов Хуршит ашқан спорт кешенінде 400-ге жуық бала бала спортпен айналысады.
Береке бірлігі жарасқан ауылда емхана, пошта, АТС халыққа қызмет көрсетіп келеді. Барлығы ауыл әкімшілігімен тығыз байланыс орнатқан.
Қарашық ауыл мешіті жанынан балалар мен қыздарға арналған медреселер ашылған. Ол жерде елуге жуық бала тәрбиеленеді. Бұдан бөлек жақында қыздарға арналған медресе жұмыс істейді.
Былтырғы жылы Қарашық ауылы әкімі аппаратына былтырғы жылы барлық шығындарын өтеуге 104 млн 189 мың теңгеге қаржыландырылып, бөлінген қаржы кезең — кезеңімен толық игерілген.
Қарашық ауылдық округі бойынша былтыр 8 айлық салық жоспары 25 010 000 теңге, орындалғаны 43 041 000 теңге (172,1 пайызға орындалды).
Оның ішінде: Мүлік салығы жоспар – 470 000 теңге, орындалғаны 500 000 теңге; Жер салығы жоспар – 170 000 теңге, орындалғаны 182 073 теңге; Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем салығы жоспар 50 000 теңге, орындалғаны 59 336 теңге; Біріңғай жер салығы жоспар – 350 000 теңге, орындалғаны 1 998 550 теңге, Көлік салығы жоспар – 21 100 000 теңге, орындалғаны 24 624 000 теңге; Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы жоспар – 7 000 000, орындалғаны 8 937 775 теңге; Жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер жоспар – 17 090 000 теңге, орындалғаны 23 251 610 теңгеге орындалды.
Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылған. Әлеуметтік көмекке шартты 31 отбасыға, 1 отбасыға шартсыз көмек тағайындалған.
Ауылда тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға демеушілер есебінен 15 отбасыға азық-түлікпен ай сайын көмек беріледі. 7 отбасы қатты отынмен қамтамасыз етілді. Қамқорлық бағдарламасы бойынша 3 отбасыға ай сайын жеке кәсіпкерлерден азық түлік беріліп, бір отбасыға ауыл тұрғындары мен жастары ұйымдасып тұрғын үй салынып беріпті.
Қарашық ауылдық округ бойынша былтыр жұмыспен қамту және кәсіпкерлерді қолдау шаралары бойынша көрсеткіштер; жастар практикасы – 20 адам, әлеуметтік жұмыс орындары 16, қоғамдық жұмыстар 20, алғашқы жұмыс орындарына 8, күміс жас бағдарламасы бойынша 10, бос жұмыс орындары 149 адамды құраған.
Ауыл округінің жалпы ауылшаруашылық жері -15 268 га. Оның ішінде суармалысы -3295 га, жайылым -11617 га, шабындық -287 гектарды құрайды.
Округ бойынша 174 гектар жерге жаңбырлатып суғару технологиясын орнату жұмыстары жүргізілді.
Ауылшаруашылықты көркейту мақсатында жалпы құны 109,358 млн теңге инвестиция тартылған. Көктемгі дала жұмыстарына Үкімет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар майға 58 шаруа қожалығы электронды түрді (Gosagro.kz) порталы арқалы өтінім беріп, 150 тонна жанар жағармай алған.
Ауылда ірі қара мал 4833, қой — ешкі 8 253, жылқы — 856, түйе 242, құс 2213 дананы құрайды.
Қарашықта кәсіпкерлік және жұмыспен қамту саласында 1 мақта зауыт, цехтар саны 14, дәріханалар саны 4, кәсіпкерлік нысандар саны 65, жанармай бекеті 1, 3 газ құю бекеті, жеке балабақшалар 3, 2 тіс емханасы және 1 малбазар жұмыс жасап тұр. Жаңадан жеке кәсіпкер Х.Азимов – 900 орындық «Яссауи зияткерлік мектебі» жеке меншік мектеп құрылысын салып аяқтады. (Жоба құны 1 млрд 400 млн теңге). Қазіргі таңда 1500 орындық спорт комплексі құрылысын аяқталып іске қосылды. (Жоба құны 1 млрд 300 млн теңге). «QarashiQ-M» ЖШС-тігі жаңадан 600 орындық мектеп құрылысы салынып, 300 млн теңге инвестица тартылды. (Жоба құны 600 млн теңге).
Емхана, пошта, АТС халыққа қызмет көрсетіп келеді. Барлығы ауыл әкімшілігімен тығыз байланыс орнатқан.
Қарашық елді мекенінде Дәрігерлік амбулатория және Құмтүйін елді мекенінде ФАП қызмет атқарады. Жалпы жұмысшылар саны 50 адам, 10 жоғары білімді дәрігер және 28 орта буынды мед қызметкерлер және 12 әр түрлі жұмысшылар қызмет істейді.
Ауылдық округінде білім беру саласы бойынша 5 мектеп жұмыс істейді, Қарашық жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны -108, кіші қызметкерлер саны — 22, оқушылар саны 971 оқушы. Тұран жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны – 133, кіші қызметкерлер саны – 38, оқушылар саны -1068 оқушы. Құмтүйін жалпы орта мектебінде мұғалімдер саны — 64, кіші қызметкерлер саны — 24 және оқушылар саны – 438 оқушы. Жеке меншік Яссауи зияткерлік мектебінде қазіргі таңда 30 оқушы. Қарашық-М (ЖШС)мектебінде казіргі таңда 320-оқушы білім алада.
Ауылдық округте 1- мемлекеттік бала бақша және 3 — жекеменшік бала бақша жұмыс жасауда. Тәрбиеленуші балалар саны -548.
Ауыл-ел бесігім бағдарламасы бойынша Құмтүйін елді мекенінен 5 көше, Қарашық ауылынан 5 көшеге асфальт салынды Төле би көшесіне жарықшамдары орнатылды. Қарашық ауылдық округіндегі 3 мектепке кәсіпкерлердің қолдауымен балалар шомылатын бассейндер қойылды.т Қарашық елді мекенінде кәсіпкерлердің қолдауымен Құрманғазы көшесіне тас төсеу жұмыстары жүргізілді.
Қарашық елді мекенінде Қарашық көшесін жарықтандыруға, С.Жамалов көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды Құмтүйін елді мекенінде Түркістан көшесін жарықтандыруға сметалық құжаты дайындалды. Қарашық елді мекеніне 2 трансформатор орнату жұмыстарына сметалық құжаты дайындалып өткізілді. Құмтүйін елді мекенінде орналасқан ауыз су тарату орталығында жаңадан тік ұңғыма қазылып, пайдалануға берілген.
А. Манан.