Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «№2 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қызмет алатын 155 адам бар. Мекемеде тұрып жатқан қарттар мен жасы 18-ден асқан бірінші және екінші топтағы мүгедектерге тұрмыстық, медициналық, психологиялық, еңбек, мәдени, құқықтық, экономикалық қызметтер көрсетіледі.
Әлеуметтік -тұрмыстық қызмет
Мекемедегі қарттар мен мүгедектер жиһазбен, төсек-орын жабдықталған. Емдеу – оңалту, демалу және түрлі іс-шараларға қатысу кезінде автокөлікпен, жыл мезгіліне сай киім-кешек және жеке гигиеналық құралдарымен қамтамасыз етілген 4 мезгіл ас ішеді.
Әлеуметтік –медициналық қызмет
Қызмет алушыларға терапевт, невропатолог, психиатр, фармацевт, түрлі мамандағы мейірбикелер қызмет көрсетеді. Қызмет алушылар әлеуметтік-медициналық қызметпен толық қамтылған. Олар жергілікті емханадан тегін кепілдендірілген медициналық көмек алады. 61 қызмет алушыларға жергілікті ПК Чапаевка емханасынан тегін кепілдірілген дәрі-дәрмектермен уақытылы қамтамасыз етілуде
Біраз азаматтар оңалту бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектің және зейнеткердің жөргекке, жаялық, теріні тазартқыш, таяқ, ортопедиялық аяқ киім-корсет, серуендік арбалар, ходунок, несеп қабылдағыш, катетор, санаторлы-курортты ем, таяқ, қорғаныш крем, иіс бейтараптандырғыш, герметик пастасы, ұнтақ опа, стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста герметик, кресло стол, тифлотрость секілді қажеттіліктермен қамтамасыз етілді.
Әлеуметтік-психологиялық қызмет
Қызмет алушыларға әлеуметтік-психологиялық қызметтерді 2 психолог маманы жүргізеді. Қызмет төмендегі бағыттар бойынша көрсетілді:
- психологиялық диагностика
- психологиялық профилактикалық жұмыстар
- консультация беру
- шұғыл психологиялық көмек
- әңгімелесу
- тренингтер
- коррекциялық жаттығулар
- Мекемеге жаңадан қабылданған қызмет алушылар бақылауға алынып,жеке жұмыс жүргізілу арқасында бейімделу кезеңінен қиындықсыз өтулеріне жағдай жасалды.
Әлеуметтік-еңбек қызметі
Қызметтерді алушылардың бойындағы еңбек дағдылары олардың жеке ерекшеліктерін, мүмкіндіктерінің шектелу дәрежесін, қызметтерді алушылардың физикалық және психикалық жай-күйін ескеріп жүргізіледі.
Қызмет алушыларды еңбекке баулу – олардың еңбекке деген қызығушылығын арттырып, қажетті дағдылар мен біліктіліктерді қалыптастыруға бағытталады.
Әлеуметтік-мәдени қызмет
Қызмет алушыларға әлеуметтік-мәдени қызметтерін мәдени ұйымдастырушы, музыка жетекшісі мамандары қызмет көрсетеді.
Қызмет алушылар арасында бос уақыттарын тиімді өткізу мақсатында жоспар бойынша және жоспардан тыс түрлі мәдени іс-шаралар өткізілді.
Қарттар үстел үсті ойындары шәшкі, шахмат, домино ойын түрлерінен топтық ойындарға қатысып біршама ойлау қабілеті шыңдалуына қызмет көрсетілді.
Әлеуметтік – экономикалық қызмет бойынша Детализацияға ендіру, шығару, Банкке кредит берешегі бойынша, Зейнетақы кітапшасын ауыстыруға, зейнетақы құжаттарына сұраныс беру, базалық пенсия, ауган соғысына қатысқандарға, Тыл ардагерлеріне, жеке есеп шотын Арестен ашу бойынша көмектер көрсетілді.
Әлеуметтік – құқықтық қызмет бойынша.
А. Меркуловка Шымкент қаласы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы жеке куәлігін ауыстыруға көмек көрсетілді.
Қарттарға Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және жасына байланысты зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру тәртібі туралы Әлеуметтік Кодекс 202 бабы,
Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлем туралы Әлеуметтік Кодекс 178 бабы түсіндірілді.
Сондай-ақ, Сотқа дейінгі бонкротстваға өтініш берілді, қамқоршы тағайындау бойынша құжаттары рәсімделді, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» арқылы әлеуметтік порталға, стационарлық орталыққа кезекке қоюға құжаттары тапсырылды, Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне қою бойынша құжаттарын рәсімдеуге табыс көзі туралы анықтама алуға көмек көрсетілді, Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне қою бойынша құжаттарын рәсімдеп, өтініш жіберілді.
Жылжымайтын автокөліктің жеке сот орындаушысы қойған бұғаты шешілді.
Отбасы банк арқылы тұрғын үй кезегіне тұруға өтініш қабылданды. Бірер қариямыз жасына байланысты зейнеткер категориясы бойынша Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұрғызылды. Жеке куәліктерін ауыстыруға көмек көрсетілді. Жеке сот орындаушысы бұғаттаған зейнетақы шоты ашылды. Паспорт алуға құжаттарын тапсыруға көмек көрсетілді. Автобус льготалық картасын аштыру бойынша көмек көрсетілді. Каспи қосымшасы арқылы алынған товарының жарамсыздығы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің мамандарынан кеңес алу ұйымдастырылды.
«Әділет кеңес береді» атты семинар қызмет алушыларға құқықтық ақпараттандыру және олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға түсіндірме жүргізіліп, кеңес берілді.
Заңгерлік кеңес, құжаттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жеке сұрақтарына заңгерлік кеңіс берілді.
WhatsApp Telegram және т.б. мессенджерлерін пайдалана отырып, азаматтарды алдау жағдайлары бойынша сақтық шаралары туралы түсіндірме жүргізілді.