Қоғамда қатігездік емес, мейірім үстемдік құруы тиіс

Жуырда Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен «Жас ұрпақ – ел болашағы» атты форум өтті. Аталған іс-шара жасөспірімдердің психологиялық денсаулығын қорғау, суицидтің алдын алу және білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта қалыптастыру бағытында тәжірибе мен тиімді тәсілдер алмасуға арналған маңызды алаңға айналды. Облыс прокуроры М.Тлеубердиев өз сөзінде «Балалар – қоғамның ең үлкен байлығы. Құқық қорғау органдарының мақсаты – әрбір өреннің қауіпсіз әрі қолайлы ортада өмір сүруіне кепілдік беру. Қоғамда қатігездік емес, мейірім мен өзара қолдау үстемдік құруы тиіс» екенін атап өтті.

Айта кетейік бұл форум — мектеп психологтарының кәсіби көзқарасын жаңғыртуға, олардың құқықтық сауаттылығын, қызметтік әдеп пен кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар іс-шара.

Форумға әкімдік, полиция департаменті және білім беру саласының 1000-нан астам өкілі мен мектеп психологтары қатысты. Сондай-ақ, облыс прокуроры М.Тлеубердиев, облыс әкімі Н.Көшеров, полиция департаментінің бастығы А.Заппаров, арнайы шақыртылған қонақтар Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Д.Закиева, Оқу-ағарту вице-министрі А.Ахметжанов спикерлер ретінде қатысты.

Іс-шара аясында облыстың үздік 10 мектеп психологы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Олар жаңа өмірге қадам басты

Түркістан облыстық Психикалық денсаулық орталығындағы кешенді емдеу арқылы тәуелділіктен арылған науқастар арасында оң нәтиже көп. Орталықтағы 16 психотерапия…
Толығырақ

Арыз-шағымдар дейін азайған

Жуырда Түркістан облысының прокуратурасы «Азаптауға жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Оған құқық қорғау органдарының, сот жүйесінің, адвокатураның,…