Шардарада қызметтік үйлер табысталды

«25 қазан – Республика күні мерекесіне орай және Шардара ауданының 60 жылдығы аясында Ж.Қолдасов көшесінде орналасқан 6 қызметтік тұрғын үйдің кілттері табысталды. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі №736 қаулысы аясында әлеуметтік сала қызметкерлері тұрғын үймен қамтылды» деп хабарлайды

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Салтанатты шарада аудан әкімі Арман Қарсыбаев сөз сөйлеп, қызметтік пәтер кілттерін табыстады.

Қызметтік пәтер иелерінің бірі – Алматы қаласынан ата-анасымен бірге келген Шолпан Әмірова. Ол – білікті дәрігер. Алматыда білім алып, Шардара аудандық орталық ауруханасының онколог дәрігері болып еңбек етуде.

Сонымен қатар қызметтік пәтерге ие болғандардың бірі – Арыс қаласынан келген Жансұлу Жұмаділла. 2018 жылдан бастап түрлі өңірлерде жалпы тәжірибелік дәрігер ретінде еңбек етіп келеді. Қазіргі таңда Шардара аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибелік дәрігері болып қызмет атқаруда.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жәбірлеуге жол берілмейді

Түркістан обылысының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік…
Толығырақ

Түркістан облысының тарихи-мәдени бағытындағы туристік әлеуеті жанданады

Түркістан облысында экономикалық, тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады.…