Созақта меморандумға қол қойылды

Созақ ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімдігі және аудандық прокуратураның бастамасымен жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға бағытталған төртжақты серіктестік меморандумға қол қойылды.

Құжаттың мақсаты – аудан аумағындағы ірі кәсіпорындарда ең алдымен жергілікті азаматтарды жұмыспен қамту, еңбек нарығын жүйелеу және әлеуметтік тұрақтылықты нығайту.

Жиынға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, аудандық прокуратура, ҚР ҰҚК Созақ аудандық бөлімі, аудандық «Мансап орталығы» және жұмыс беруші кәсіпорындар – «Инкай» БК» ЖШС, «АППАК» ЖШС, «ОТХК» БК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «Ақбастау» БК» АҚ, «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС, «Буденовское» БК» ЖШС, «Казатомпром-SaUran» ЖШС, «Волковгеология» АҚ, «Уранкуат» ЖШС, «Drilling Company» ЖШС және «KAP Logistics» ЖШС басшылары мен өкілдері қатысты.

Меморандумға қол қою барысында аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы бастаманың маңыздылығына айрықша тоқталды.

-«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жергілікті азаматтарды тұрақты жұмыспен қамту жөнінде нақты тапсырмасы бар. Жақында бұл мәселе облыс деңгейінде де талқыланды. Облыс әкімі жұмысты күшейту жөнінде міндеттер жүктеді. Біздің сіздерге ұсынысымыз – кез келген бос жұмыс орнына ең алдымен жергілікті тұрғындарды қабылдау. Басты мақсатымыз жұмыссыздықты азайтып, халықтың тұрмыс сапасын арттыру. Бұл меморандум қағаз жүзінде қалып қоймай, нақты нәтижеге жұмыс істеуі тиіс», – деді аудан басшысы.

Сонымен қатар, аудан әкімі жергілікті кәсіпкерлерді қолдау, отандық өнімді тұтынуды арттыру, өндіріс орындарын ет және сүт өнімдерімен аудан шаруашылықтары арқылы қамту мәселелерін көтерді. Пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтік бейімдеуді де тілге тиек етті. Ауданнан тігін цехын ашуды жолға қойған жергілікті жас кәсіпкер Абылай Ералыұлының өндірісінен шыққан құрылысқа қажетті арнайы жабдықтар таныстырылды.

Айта кетейік, жаңа құжат арқылы вакансиялар туралы ақпарат алмасудың тұрақты тәртібі бекітілді. Ендігіде жұмыс беруші тарап бос жұмыс орындары мен қажетті мамандықтар туралы ақпаратты «Мансап орталығына» тұрақты жолдап отырады. Бұл деректер enbek.kz порталына жарияланады. Мансап орталығы сол арқылы жұмыссыз азаматтарға жолдама береді және еңбек қатынастарының заңды рәсімделуін бақылайды.

Аудан әкімдігі өңірлік жұмыспен қамту картасын іске асырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етсе, прокуратура процестің заңдылығына мониторинг жүргізеді.

Аталған меморандум 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін күшінде болады. Құжатта көзделген көрсеткіштердің орындалуы ай сайын қаралып, аудан басшысына баяндалып отырады.

Бұл бастама Созақ ауданында әлеуметтік тұрақтылықты нығайтуға, тұрғындардың табысын арттыруға және жергілікті кадрларды ірі өндіріс орындарына тартуға бағытталады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанда еңбек қатынастарының өзекті мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті

Түркістан қаласындағы «Достық үйі» ғимаратында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Жыл қорытындысы: еңбек қатынастарындағы…