Түркістан көш бастады

Түркістан облысын ауыл шаруашылығында көш бастады. Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егіліп, өткен жылдан 34 мың гектарға артты. Дала жұмыстарына жанар-жағар май босату, кредиттік ресурстар, минералды тыңайтқыштар, тұқым бөлу шаралары мерзімінде жүргізілді. Нәтижесінде 695 мың тонна дәнді дақыл, 54 мың тонна майлы дақыл, 1,5 миллион тонна көкөніс пен картоп,

1,7 миллион тонна бақша өнімі, 5 миллион тонна малазықтық дақыл және 428 мың тонна мақта жиналған.

Облыста өнеркәсіптік жылыжайларды дамыту жұмысы қарқынды. Биыл жылыжайлар көлемі 75 гектарға ұлғайып, жалпы алаңы 1715 гектарға жетті. Нәтижесінде республикадағы үлесі 76 пайызға өсті. Жылыжайлардың бірінші айналымынан 102 мың тонна көкөніс жиналды. Келесі жылы көлемін қосымша 62 гектарға ұлғайтып, үлесін 80 пайызға жеткізу көзделген. Келес ауданында 500 гектарда «ЕcocultureЕurasia» ірі жылыжай кешені салынуда. Бұл – жыл бойы 240 мың тоннадан астам көкөніс өсіруге мүмкіндік беретін жоба, 7 мың жұмыс орны құрылады. Биыл жобаның 1-кезеңі іске қосылады.

Бүгінде облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты 355,5 млн. АҚШ долларын құрап, 1,1 есеге артты. Жалпы өнім көлемі 182,5 млрд. теңгеге ұлғайып, 1 трлн. 86,9 млрд. теңгеден асты. Бұл бойынша өңір республикада бірінші орында тұр.

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдің агроөнеркәсіптік кешені саласында 2025 -2027 жылдарға инвестициялық жобаларды іске асырудың Жол картасы бекітілгенін айтты. Сондай-ақ, жол картасы аясында жалпы құны 295,5 млрд. теңгеге 78 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Биыл 31 жобаны жүзеге асыру көзделіп, бүгінгі күнге 60,8 млрд. теңгеге 27 жоба іске асырылып, 1030 жаңа жұмыс орны құрылған.

«Түркістан – ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы өңір. Біз өнімді шикізат күйінде сатып қана қоймай, ауыл шаруашылығы саласында терең өңдеуге басымдық берудеміз. Заманауи технологияр енгізіліп жатыр. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде агроөнеркәсіп кешенінде экономикалық өсім қамтамасыз етілді. Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 155,6 млрд. теңге инвестиция тартылып 1,1 есе ұлғайды. Тамақ өндірісінің негізгі капиталына 31,5 млрд. теңге инвестиция тартылып, 1,3 есе ұлғайды» деді Нұралхан Көшеров.

В.Арын.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жәбірлеуге жол берілмейді

Түркістан обылысының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік…