Түркістан облысының әкімі өзбекстан республикасының премьер-министрімен кездесті

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров пен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповтің кездесуі өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов та қатысты.

Кездесу барысында екі ел арасындағы өзара ынтымақтастықты дамыту, сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және шекара маңы аймақтарының әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Әсіресе, туризм саласын дамыту, өндіріс орындарын ашу, бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және мәдени-гуманитарлық байланысты кеңейту бағыттарына ерекше назар аударылды.

Нұралхан Көшеров Түркістан облысы мен Өзбекстанның көршілес өңірлері тарихи, мәдени және экономикалық тұрғыдан тығыз байланыста екенін атап өтті. Сонымен бірге тараптар шекара маңы ынтымақтастығын жаңа деңгейге көтеру, инфрақұрылымды дамыту және туризм саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру жолдарын талқылады.

Айта кетейік, Түркістан облысының делегациясы Өзбекстанның Ташкент, Самарқанд, Үргеніш, Хиуа қалаларында болып, жергілікті басшылармен, туризмге жауапты тұлғалармен кездесіп, келіссөз жүргізеді деп жоспарланған.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысы кәсіподақтар орталығының еңбек адамының құқығын қорғаудағы нәтижелері

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының бастамасымен 2025 жыл елімізде «Жұмысшы мамандықтары жылы» болып жарияланды. Бұл бастама еңбек адамының қоғамдағы…
Толығырақ

«Вандализмге жол жоқ!»

«AMANAT» партиясының «Taza Qazaqstan» road-эстафетасы шеңберідегі «Чемпиодық рух» таңғы жаттығуы Түркістан облысының Сауран ауданы, Шорнақ ауылындағы балалар саябағында…