Түркістанда азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кезекті сауда-саттық «Бірлік» тұрғын алабында өтті. Аптаның әр жұма күні тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан сауда алаңында азық-түлік бағасы нарықтағыдан 30-50 пайызға дейін төмен саудаланды.

Қолжетімді бағадағы тауарларды сатып алуға келген қала тұрғындарына 30 тоннаға жуық ауыл шарушылығы өнімдері сатылды. Мәселен, картоп – 140, пияз – 85, сәбіз – 140 теңгеден саудаланды. Ал, қырыққабаттың бағасы 100 теңге. Сондай-ақ сиыр етінің бағасы – 2500 теңге, тауық еті – 1100 теңге. Наның бағасы 80, жұмыртқаның данасы 45 теңгеден сатылды.

Облыс орталығында азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру игі дәстүрге айналып отыр. Жәрмеңке сөрелерінен Келес, Төлеби және Түлкібас аудандарының шаруалары, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ және жергілікті кәсіпкерлер ұсынған ет-сүт өнімдері қаймақ, жұмыртқа арзандатылған бағада саудаланды.

«Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Бекжан Бисенбаевтың айтуынша, кезекті жәрмеңке 19-қараша күні «Конгресс холл» көпсаласы кешенінің алдында «Аgrofest Turkistan 2025» мерекелік шарасына орай ұйымдастырылады деп жоспарлануда. Онда өңір аумағындағы аудан-қалалардан келген шаруалардың экологиялық таза, құнарлы да сапалы өнімдері ұсынылмақ.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістандық ұстаздар көшбасында

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2023 жылдан бастап Президенттік жастар кадрлық резерві үлгісінде «Білім берудегі…
Толығырақ

Мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында көрсетілген  қызметтер туралы семинар өтті

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Түркістан облыстық Адвокаттар алқасының ғимаратында мемлекет кепілдік берген заң көмегіне ақы…
Толығырақ

СУДЫ ҮНЕМДІ ЖҰМСАУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛДІ

Түркістан облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасы Премъер-мининстрінің орынбасары Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевтың төрағалығымен жиын өтті. Жиында Түркістан облысында егінге қажетті…