Түркістанда мүгедектегі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау жүйелі жүргізілуде

Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар атқарылуда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте мүгедектігі бар азаматтардың әлеуметтік қорғалуы және өзекті мәселелері талқыланды. Жиында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мекенхан Қозыханұлы баяндама жасады. Оның айтуынша, қазіргі таңда басқармаға қарасты 12 коммуналдық мемлекеттік мекеме мүгедектігі бар азаматтарға түрлі қызметтер көрсетуде.

Қазіргі таңда республика бойынша 737,4 мың мүгедектігі бар адам тіркелсе, оның 102 401-і Түркістан облысында есепте тұр. Бұл көрсеткіш облыс халқының 4,6%-ын, ал республикадағы мүгедектігі бар адамдардың 14% құрайды.

Бұл туралы Түркістан облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров бұл бағыттағы жұмыстарды ширатып, көмекке мұқтаж азаматтарды қолдау бағытында жанашырлықпен жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Жауапты басқармалар мен мекеме басшыларына әлеуметтік қолдауды күшейту жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

Түркістан облысында мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында биыл жалпы көлемі 19,6 млрд теңге қаржы бөлінген. Соныман қатар ерекше қажеттілігі бар адамдарды оңалту бағдарламасы аясында көрсетілетін қызметтерді қаржыландыру үшін 2026-2028 жылдарға жалпы 44,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Енді бұл қаржы келесі жылдан бастап аудандық және қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің балансына беріледі. Осыған байланысты бөлінген қаржының мақсатты әрі тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін мониторинг жүргізу жоспарланған.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Заңды білу – заман талабы

Бүгінгі таңда заңды білу – әрбір азаматтың ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығының кепілі. Әсіресе дін саласында…
Толығырақ

Ақиқат үшін адал құшқан

1991 жылдың 3 мамырында Намибияның астанасы Виндхукта Африка елдерінің тәуелсіз журналистері «Виндхук декларациясын» қабылдады. Декларацияда баспасөз бостандығы мен…
Толығырақ

Жасанды интеллект әліппесі

Қазақстанда «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының тұсаукесері өтті. Еңбек — қарқынды дамып келе жатқан жаңа сала туралы алғаш рет…