Түркістанда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп мәселері бойынша семинар өтті

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы әдеп мәселелері жөніндегі уәкіл» тақырыбында семинар өтті. Шараның мақсаты — «Заң мен тәртіп» қағидатын жүзеге асыру, мемлекеттік қызметшілер мен мекеме қызметкерлерінің арасында әдеп нормаларын сақтау мәдениетін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру және әдеп жөніндегі уәкілдің қызметінің маңызын түсіндіру.

Аталған жиынға Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ербол Керімбекұлы, Түркістан облысы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Бақыт Жолдасбекұлы, Қоғамдық даму басқармасы басшысының м.а Болат Серікұлы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Түркістан облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Ернұр Жұматайұлы және мемлекеттік органдар мен мекеме қызметкерлері қатысты.

Мұндай семинарлар сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және қызметкерлер арасына әдеп нормаларының сақталуына зор ықпал етпек.

А.Бар.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ЖОҒАЛҒАН РУХТЫ АҢСАУ

Над страной моей родною, Встала Смерть. Андрей Белый Аяулым! Біз құл болып бара жатқан халықпыз. Алтын Орда ыдырағаннан…