Тұрғындар талабы тыңдалды

Түркістан облысының «Ашық әкімдік» кеңсесінде жиі жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындар өтініші заң аясында шешімін тауып келеді. Бүгін кезекті рет облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев әртүрлі салалар бойынша тұрғындарды жеке қабылдап, мәселерін тыңдады. Жеке қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік көмек алу, жұмысқа орналасу, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету, сондай-ақ білім мен денсаулық салаларына қатысты мәселелерді көтерді. Кейбір тұрғындар бейне байланыс арқылы қосылып, шағымдары мен ұсыныстарын жеткізді.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыс әкімінің орынбасары тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, заңды шешілу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар тиісті басқарманың жауаптыларына нақты тапсырмалар беріп, кейбір өтініштер бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізуді жүктеді. Тұрғындар тарапынан айтылған өтініш пен ұсыныс-пікірлер хаттамаға түзіліп, тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ащысайда келіссөздер жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылындағы түсті металл комбинаты руднигінің металлургиялық цехына…
Толығырақ

Қазығұртта сәндік ағаштар егілді

Қазығұрт ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендер аумағын таза ұстау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең…
Толығырақ

Шәуілдірде тұрғын үйлер жөнделеді

«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Отырар ауданындағы Шәуілдір ауылына барып, газбен қамту жүйесіндегі жарылыс салдарынан зардап шеккен 12…