Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру шарасы өтті

«Полицейлер автобекет аумағында интернет алаяқтықтың алдын алу жұмыстарын жүргізді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

«Мақтаарал аудандық полиция бөлімі қызметкерлері Мырзакент кентіндегі автобекет аумағында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтықтың кең таралған түрлері, соның ішінде жалған қоңыраулар, өзін банк қызметкері ретінде таныстыру, күмәнді сілтемелер мен онлайн саудадағы алдау әрекеттері жөнінде ақпарат берілді» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ жеке деректер мен банк картасы мәліметтерін бөгде тұлғаларға бермеу қажеттігі ескертілген. Жолаушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, күмәнді жағдайларда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібі түсіндірілген.

«Аталған профилактикалық шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алуға бағытталған» дейді баспасөз қызметі.

Т.Пайыз.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кәсіподақ ауқымды жұмыстар атқаруда

Елімізде кәсіподақ ұйымдары әлеуметтік әріптестікті дамытуда, өндірістік тұрақтылықты сақтауда, еңбек қатынастарын әділ реттеуде және еңбеккерлердің лайықты жағдайын қамтамасыз…
Толығырақ

Түркістан облысында инвестиция мен ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 2,5 трлн теңгеден асты

«Түркістан облысы экономикасының негізгі драйверлері – инвестиция, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы. Облыс әкімі аппаратының апталық мәжілісінде осы салалардағы…