Түркістан обылысының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесі Қазақстан Республикасының «Тұрмыстық зорлық — зомбылық профилактикасы туралы» Заңы және «Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығына сәйкес қызмет атқарады.
Түркістан облысының Сауран ауданына қарасты 12 ауылдық округтен тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімшесіне түрлі өтініштер қабылданып жатады. Сондай-ақ жәбір көрген және жәбір көрсетуші азаматтар мен азаматшалардың мекен-жайларына әр апта сайын барып жағдайларын бағдарлау барысында жұмыстар атқарылуда.
Ауданда құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында жасөспірімдерге тұрақты түрде рейд жұмыстары жүргізіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімшесі жайсыз отбасыларды аралап психологиялық және құқықтық кеңестер беріледі. Аудан бойынша жұмыс жоспарына сәйкес тоқсан сайын 12 ауылдық округтерге қарасты мектептерде және ауыл тұрғындарымен зорлық-зомбылықтың алдын алу барысында, түсіндірме жиналыстар өткізіледі.
Сауран ауданы бойынша қорғау нұсқамасына алынған отбасылармен жұмыс жасалып, психологиялық сүйемелдеу, құқықтық қызметтері көрсетілуде.
Халық көп шоғырланған орындарда (сауда орындарында) түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, 200-ден астам брошюралар таратылған.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінің тапсырмасына орай ауылдық округтер бойынша жергілікті атқарушы органдарға аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында, сыртқы жарнамада, қоғамдық көлікте, білім беру ұйымдарында, денсаулық сақтауда, тұрғын үйлердің кіреберістерінде, білім беру ұйымдарының ақпараттық ресурстарында, жоғары және орта арнаулы оқу орындарына «111» байланыс орталығының қызметі туралы ақпараттар ілініп, таратылған. Осы орайда жұмыстар әрі қарай жалғасын табуда.
Сондай-ақ, Сауран ауданы бойынша «Ерте жүктілік, өз-өзіне қол жұмсау (аутоагрессия), аутодеструктивті мінез құлық, отбасындағы зорлық-зомбылық» тақырыбы бойынша түсіндіру және күресудегі психологиялық іс-шараға ауыл округтеріне аралап ауыл тұрғындарымен түсіндірме жұмыстар жүргізіліп кездесулер өткізілді.
Былтырғы жылы аудан бойынша оның ішінде;
Жаңа Иқан ауылдық округі-3;
Ескі Иқан ауылдық округі-3;
Шаға ауылдық округі-1 ерте жүктілікпен тіркелген, бір ақ бұл жағдайлардың бәрінде ата-анасының келісімімен тұрмысқа шыққан.
Ауданда өз-өзіне қол жұмсау (суицид) бойынша тіркелгендер мәліметі:
Шорнақ ауылдық округі-2 (1 аяқталмаған, 1 аяқталған);
Ескі Иқан ауылдық округі-4 (4 аяқталмаған);
Еңбекші Дихан ауылы-1 (1 аяқталған);
Шаға ауылдық округі-3 (3 аяқталмаған);
Майдантал ауылдық округі-1 (1 аяқталған);
Қарашық ауылдық округі-1 (1 аяқталған);
Жібек Жолы ауылдық округі-1 (1 аяқталған).
Жалпы: аяқталғандар – 5, аяқталмағандар – 8.
Аудандық «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің тұрмыстық зорлық-зомбылық бөлімшесінің және Сауран ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «зорлық-зомбылыққа жол жоқ» апталығы өткен. Іс-шара барысында жастарға тренингтер, флешмоб, зорлық-зомбылыққа қарсы кинокөрсетілім, марафон ұйымдастырылған.
Апталықтың басты мақсаты — жастардың салауатты өмір салтына, отбасының амандығы мен бақытына деген құнды қарым-қатынасын қалыптастыруға ықпал ету, отбасылардағы тұрмыстық зорлық-зомбылық пен кемсітушілік мәселелерінің алдын алу және балалардың құқығын қорғау.
***
Осы орайда аудандағы мүмкіндігі шектеулі балалардың хал жағдайы мен әлеуметтік, құқықтық жағдайына тоқтала кеткеннің артықшылығы болмас.
Түркістан облысының Сауран ауданында «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ММ-нің
«Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Тең қоғам» бөлімшесі жұмыс істейді. Аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған «Тең қоғамда» мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтер көрсетеді. Бұл жерде бөлімшесі жеке тәсілді енгізу және қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар азаматтар мен мүгедектігі бар балалардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді.
Бүгінде орталық мүмкіндігі шектеулі ересектер мен балаларға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-ағартушылық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсетеді.
Сауран ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» «Тең қоғам» бөлімшесінің тыныс-тіршілігімен танысып, осында келетін ерекше күтімді қажет ететін балалармен сұхбаттасып, жақсы тілегін айтып, жылы лебізін білдіріп тұрады.
Бұл орталықта балалардың сауаттылығын арттырып, көңіл күйін көтеріп, ортаға бейімдеу мақсатында түрлі іс-шаралар өтіп тұрады.
Биылғы жылы Абайтану апталығы, «Зерек бала» викториналық ойыны, «Бала деген бір бақыт» тақырыбында дөңгелек үстел, ерекше балалардың шығармашылық сурет көрмесі өткен. Сонымен бірге, «Армандар орындалады» акциясы, «Ауғанның асуында от кешкендер», «Алғыс айту күні»,
«Арулар — асыл жандар», «Қошкелдің Әз-Наурыз» атты салтанатты іс-шаралар өткен. Іс-шарада ата-апаларымыз, ерекше күтімді қажет ететін азаматтар арасында арқан тарту, асық ойнау, аударыспақ, теңге алу, бесікке салу, тұсау кесер ұлттық ойындар, салт-дәстүрлер дәріптеліп, концерттік бағдарламамен ұласты.
Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен «Бақ-Жұлдыз» атты байқауда Акимжанов Үмітжан бас жүлдені иемденсе Ерғанат Динара 1- орын, Әділбек Інкәр 2- орын, Абдужалал Рабия 3 – орынды иеленді. Рустамхан Шохбегім, Адилова Диана, Каримова Рухшона, Абдужаппаров Мураджон, Набишева Шадияна, Нұржігіт Нұрасыл, Ержігіт Назерке ынталандыру сыйлықтары және Сауран аудан әкімінің Дипломымен марапатталды.
Бұл жерде мүмкіндігі шектеулі балалардың өз бейімбіліктерін көрсетуге барлық жағдай жасалған. Мәселен, Валиев Розмухаммед Түркістан қаласында «NURLY» өнер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Халықаралық « NURLY FEST» көпжанрлы өнер байқауында Аспапта ойнау номинациясы бойынша өнер көрсетіп, ерекше дарынымен 1-орын иеленді.
Айта кетсек Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «Шаңырық жастар қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастырумен облыстық «Мейірім шуағы» атты мүмкіндігі шексіз жастар арасында қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесі өткен болатын. Оған Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ «Тең қоғам бөлімшесінен» Әділбек Іңкәр қылқалам шеберінен, Набишева Шадияна қолөнер шеберінен қатысып, топ жарған 20 үздіктің қатарынан табылды.
Ал Астана қаласында Боччадан тірек-қимыл аппараты зақымданған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының 3-чемпионатында,
Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ «Тең қоғам бөлімшесінен» Абжаппаров Мураджан мен Валиев Розахмет қатысқан. Нәтижесінде, Абжаппаров Мураджан 2, Валиев Розахмет 3-орын жеңімпаздары атанған.
Орталық бабаларды «Ұлы Дала Елі» орталығын, «TURAN MALL»ойын-сауық кешенін аралатып, «Балғын балалық шақ» тарту етті. Бұл өлкетану қоршаған ортамен қарым-қатынас орнату және ерекше балаларымызға мерекелік көңіл-күй мақсатында ұйымдастырылған іс-шара.
Сондай-ақ «Балғын балалар – біздің болашағымыз» атты іс – шара өтті. Балғындардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Ерекше күтімдегі балалар ән айтып, би билеп өнерлерін паш етті. Ерекше күтімді қажет ететін балаларға заттай сыйлықтар үлестіріп, тәттілер мен балмұздақ таратып балалар шексіз қуанышқа бөленді.
Қатысқандар саны – 33
Ал «Ата заң –асыл мұраттар бастауы» атты салтанатты мерекелік іс-шараға аудан әкімінің кеңесшісі Мұхамеджан Жұмадуллаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілхан Ахметов, ақсақалдар алқасының төрағасы Балтабай Жарылқасынов, «Ауған соғысы ардагерлерімен мүгедектері» кеңесінің төрағасы Тілес Ақай, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» басшысы Дәуірхан Асылбек қатысып, Ата Заңымыздың айбары асқақтай берсін деп игі тілектерін білдірді. Мерекелік жиында «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының» ұйымдастыруымен өткен концерттік бағдарламасы жиналған көпшілік назарына ұсынылды. «Тең қоғам» бөлімшесінен қызмет алушы ерекше балаларымыз Валиев Розахмет және Абжаппаров Мураджан ән шашуымен өз өнерлерін көрсетті. Сонымен бәрге, аспазшылардың қолдарынан жасалған түрлі тағамдар, тігіншілердің құрақ көрпелері, қыз жасау және қолөнер бұйымдары, шаштаразшы қыздардың шаш үлгілері тамашаланды.
Ал мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай өткен «Рухты, жігерлі жандар» атты мерекелік іс-шарасына Сауран ауданы әкімінің орынбасары Букебаев Бақытжан Кеңесбекұлы, Сауран ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Асылбек Дәуірхан Сейілбекұлы, ардагерлер төрағасы Ахметов Сейілхан құттықтап, ақ тілектерін арнады. Балдырғандардың кіршіксіз көңілдеріне қуаныш сыйлаған шараның жалғасы концерттік бағдарламаға ұласты. Демеушілердің тарапынан сыйлықтар тарқатылып, ақ-дастархан жайылды.
Орталықта медициналық қызмет алушылар оң нәтижеге қол жеткізіп жүр. мәселен, туа біткен орталық ми зақымдалуының себебінен қимыл қозғалыстары осы күнге дейін шектеліп келген Искакова Жұлдыздың осы уақытқа дейін өз әрекетімен отыру,белін ұстау, аяғында тік тұру болмаған. ЕДШ, нүктелі массаждың қабылдау әсерінен қазіргі таңда өздігінен орнынан тұрып және өздігінен отыратын, еңбектейтін болды. Ташкент қаласының медициналық зерттеулер нәтижесі бойынша қызмет алушы Искакова Жұлдыздың 30% ға жағдайының жақсаруы анықталған.
Ал туа біткен мойын омыртқасының және дене бітімінің анамалия салдарынан қимыл қозғалысының шектелуі болған Акимжан Умиджан арнайы мамандандырылған ЕДШ, нүктелі массаж және арнайы мануальды терапия әдістері жүргізілуіне байланысты, мойын омыртқасының және дене бітімінің қимыл қозғалыстары біршама белсендіріліп қалыпқа келді және өздігінен сыртқы көмексіз өз аяғында нық басып 1-2 қадам басатын болды.
БЦП-ның салдарынан аяқ-қолдарының тартылып тырысуы және өз еркімен қимыл-қозғалыстарды жасай алмайтын Абжаппаров Муратжан қазіргі таңда ұзақ уақыт ЕДШ, арнайы нүктелі массаж және манульды терапия әдістерін қолдана отырып осы уақытта бір шама оң нәтиже байқалды
Ерекше туылған Аманбаева Умида орталыққа келгенде қимыл қозғалысының айрықша шектелуі, дененің жылымауы, мүлдем сөйлемеуі, денесін өздігінен ұстап тұрмауы, өз аяғында тұра алмауы байқалатын. Орталықтың емінен кейін қимыл қозғалыстары біршама белсендірілген, аяқ қолдары ширақталып, қан айналымы жақсарып, дене жылуы қалыпқа келген және басын көтеретін болды.
Құлмаханбет Ерсұлтан қызмет алушы, туа біткен ақауы яғни БЦП-мен науқастанған. Ерекше туылған Құлмаханбет Ерсұлтан орталыққа келгенде қимыл-қозғалысының айрықша шектелуі, аяқтарының бүгілмеуі сонымен катар омыртқасының майысуның салдарынан денесін тік ұстай алмайтын. Қазіргі таңда ЕДШ, арнайы нүктелі массаж және апараттық массаж әдістерін қолдана отырып, осы уақытта бір шама оң нәтиже байқалды, аяқтарын сәл еркін жазып және сүйемелдеу арқылы денесін тік ұстап бір шама тұра алатын болды.
Абдусаттаров Сухраб туа біткен ақауы ЦП- аяқ бұлшық еттің қызметінің бұзылу салдарынан, аяғын нық басып жүре алмауы. Қазіргі таңда ЕДШ, аппараттық массаж және нүктелі массаж әдістерін қолдана отырап, өздігінен 30-40 қадам жүре алатын болды.
Рустамхан Шохбегімге ота жасау барысында, бас миының қан тамырларының жарылу салдарынан, оң жақ аяқ-қолы жансызданып-қимылсыз қалуына байланысты инсульт диагнозы қойылған. Қазіргі таңда орталыққа үздіксіз ЕДШ, нүктелі массаж, аппаратық массаж емдерін қабылдап, бір шама жақсы нәтижге жетіп, аяғын нық баса бастады.
Айта кетйік, орталықтапедогогикалық қызмет алушылар да бар. «Тең қоғам» бөлімшесінің қызмет алушы ерекше балалары Рустамхан Шохбегим, Адилова Диана, Тимуров Ералы, Дилмуратов Чинор, Набишева Шадияна оқу сауаттылығы бойынша, көркем жазу каллиграфиясы, математикалық есептерді шығара білуі жыл басынан бері салыстырмалы түрде қарағанда жоғары деңгейді көрсете білді.
Құдайберді Исмайл, Дүйсен Нұршат, Акимжанов Умиджон, Маратова Насиба көркем жазу бойынша әріппен дыбысты енді тани бастады, қарапайым математикалық ұғымдарды енді қанағаттанарлық деңгейде қалыптастыра бастады.
Қахраман Шахрух, Базарбек Нұрзат, Сейтқасым Нұрасыл, Азимова Малика, Ирисбекова Рухсора есте сақтау қабілеттері нашар болғандықтан, әріп, санды тануы төмен деңгейде болғанымен, ауызша санамақтар, ертегілер тыңдау арқылы, мультфилм кейіпкерлерін көру арқылы зейіндері тұрақтала бастады. Сурет салу, бояу, жабыстыру, қырқу жалпы түрлі көрнеліктер арқылы еңбек терапиясы бойынша шығармашылық жұмыстарға деген қызығушылықтары біртіндеп артып келеді және өз қиялдарында түрлі қолөнер бұйымдарын жасау арқылы жақсы нәтижелер көрсетуде. Оларды ақыл ойын дамыту, шапшаңдыққа бейімдеу, тиянақтылыққа үйрету, есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатында түрлі «нейрожаттығулар», «дидактикалық ойындар» ойнату арқылы ортаға бейімдейді.
Айта кетйік, орталыққа келген балалардың психикалық дамуының ауытқу себебін, көңіл-күйін, мінез-құлқында шиелініскен жағдайды анықтау үшін, ақыл-ой дәрежесін анықтау мақсатында психологиялық жеке талдау жұмыстары жүргізіледі.
Психопедогогикалық тексеру — балалардың психикалық жағдайының ерекшеліктері мен психикалық дамуындағы әлеуметтік мүмкіндіктерінің тиімді жүйесі, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке баулу және кәсіби даярлығын шешуде көптеген мәселелер қарастырылған. Зейіні тұрақсыз қабылдау қабілеті төмен ерекше балаларға арнап, ағаш бейнесін ің психологиялық суретін салу арқылы ағаш пішініне қарай жеке талдау диагностикасы жүргізілді. Ерекше балаларымыздың басым көпшілігінде ағаш пішіні қоршалған жабық пішінде болды, себебі олардың мінездері өте тұйық, ортаға бейімделмеген, қараңғыдан ата-анасынан жалғыз қалуға қатты қорқады, бойларында үрей басым.Ерекше балаларымыздың жеке тұлға болып қалыптасуына белсенді түрде психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы ықпал етіп жалпы психикасы жағынан ауытқушылықтары мен кемшіліктерін түзету барысында ерекше балаларға ойын тренингтер, сауалнама, ойын терапиясы өткізудің маңызы зор.
Психикалық және таным дамуындағы мүмкін болар кешеуілдеуді анықтау, әр балаға жекелеген қатынас жолдарын табу мақсатында сенсор кабинетінде әр баламен жеке дара сұқбат жүргізу арқылы, түрлі түсті жолақ ішінде ойнату арқылы қорқыныш сезімдерінен арыла бастады.
Ұйымдастырылған қызықты ойындар, тренингтер, ән терапиясы, би терапиясы арқасында балалардың өзіне деген сенімділігі жайлап артып келеді, ашылып сөйлеу, ортаға қосылу секілді оң өзгерістер байқалуда. Ирисбекова Рухсора, Сейтқасым Нұрасыл, Закир Шадияна, Қахраман Шахрух, Алияров Хусан, Жұман Ерасыл, Атаханова Ситора, Сабриддин Озадбек, Азад Мехриназ, ақыл ойында тежелу бар, қорқыныш үрей басым еді, психологиялық жұмыстардың нәтижесінде деңгейлері қанағаттанарлық жағдайда. Базарбек Нұрзат, Абдужалел Рабия, Маратова Насибаның мінездері өте тұйық, ортаға бейімделуі төмен дәрежеде болатын. Осы балалардың бойындағы қарым-қабілетін ашу және шығармашылық шеңберін бағдарлау жұмыстарының барысында оң нәтиже көрсетуде.
***
Айта кетейік Сауран ауданы әкімдігінің «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің» «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Белсенді ұзақ өмір сүру» бөлімі тұрақты жұмыс істейді.
Естеріңізге сала кетсек, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Аға буын азаматтарының жағдайын жақсарту жөніндегі «Белсенді ұзақ өмір сүру» іс-шаралар жоспарын бекіту туралы бұйрығына сәйкес өңірлерде «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталықтарын ашу тапсырылған.
Осыған орай, Сауран ауданы әкімдігінің арнайы қаулысымен «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығы құрылған. Оның мақсаты зейнет жасындағы адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау. Өзіне-өзі қызмет ету және белсенді қимыл-қозғалыс қабілетін сақтаған қарт адамдарға әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-білім беру, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық және бос уақытты пайдалы өткізудің кешенін ұсыну, олардың белсенді өмір сүру салтын сақтау және дамыту.
Бүгінде Сауран ауданында жеті мыңнан астам зейнеткерлер тұрады. Орталықта күнделікті 20-25 зейнеткер тиісті қызметтерін алады. Орталықта әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-психологиялық, әлеуметтік-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-еңбек, әлеуметтік-демалыс, әлеуметтік-педагогикалық қызметтер ұйымдастырылады.
Ауданы әкімі Мақсат Таңғатаров орталықтың тыныс-тіршілігін, қызмет алушы зейнеткерлермен сұхбаттасып, қарияларымыздың қажеттіліктері мен ниет тілектерін тыңдап, өтініштерін орындап отырады.
Бұл орталық жылдың әрбір атаулы мерекесін ұмыт қалдырмайды. Сонымен қатар қарияларымыздың мүддесі үшін түрлі іс шаралар өткізіп тұруды тұрақты түрде қолға алған.
«Белсенді ұзақ өмір сүру» орталық қызмет алушылары арасында «Шахмат королі» атты шахматтан жарыс, «Зорлық-зомбылықсыз жарқын өмір» тақырыбында тренинг және «Ене мен келін» арасындағы қарым- қатынасты нығайту мақсатында дөңгелек үстел өткізген.
«Ауғанның асуында от кешкендер» атты іс-шарада Ауған соғысының ардагерлері бастан кешкен оқиғаларын баяндап, өлеңдер оқып, сұрақтар қойылған. Аудандық мәдениет үйінің ұйымдастырумен концерттік бағдарлама қойылып, арнайы дайындалған ақ-дастарханнан дәм тәтті.
Ал Алғыс айту күнінде орталықта «Қарым қатынасты нығайту» атты психологиялық тренингі өткізілді. «Халықаралық әйелдер күні» мерекесінде әжелер мен аналарымызға концерттык бағдарлама қойлып құттықтау сөздері айтылды. Сондай-ақ, Наурыз меркесінде ерекше күтімді қажет ететін азаматтар арасында арқан тарту, асық ойнау, аударыспақ, бесікке салу, тұсау кесер ұлттық ойындар мен салт дәстүрлер дәріптеліп, қонцерттік бағдарламамен ұласты.
Орталықта «Жеңіс күні», «Аналар күні», «Әкелер күні» секілді мерекелер атаусыз қалмайды.
Сондай-ақ құқықтық, экономикалық, психологиялық және т.б кеңес беру мақсатында Ашық есік күндері өтіп тұрады.