Жетісайда ауқымды сенбілік өтіп, 7 мың түп көшет егілді

Мемлекет басшысының бастамасымен жалпыхалықтың деңгейде сипат алып, тұрақты түрде ұйымдастырылып келе жатқан «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Жетісай ауданында ауқымды сенбілік өтіп, 7 мыңға жуық түрлі көшет егілді.

Ауданның экологиялық ахуалын жақсартуға арналған шараға мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті мәслихат депутаттары, ауданның белсенді жастары мен жергілікті тұрғындар қатысты. 2 мыңға жуық адам мен 15 техника жұмылдырылған санитарлық тазалық жұмыстары қала, кент және барлық ауылдық округтерде арнайы бекітілген кесте негізінде жоғары деңгейде жүргізілді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген аумақтарда тазалық жұмыстарын жүргізіп, саябақтар мен көшелерді, арық-атыздарды тазаласа, тұрғындар үйіргелік жерлерін, ал кәсіпкерлер кәсіпкерлік нысандарына жапсарлас аумақтарды күл-қоқыстардан, қатты тұрмыстық қалдықтардан тазартты.

Өткен жылы бастау алған аталмыш шара аясында ауданда жыл басынан бері 100 мыңға жуық тұрғын мен 280 техника жұмылдырылған 77 ауқымды сенбілік өткізіліп, тазалық жұмыстары барысында 692 тонна қоқыс тиісті орындарға шығарылған.

Сонымен қатар ауданда Жасыл белдеу қалыптастыру, көгалдандыру жұмыстарын жоспарға сай жүргізу мақсатында 7 мың түп түрлі ағаштардың көшеті егіліп, көлік қозғалысына кедергі келтіретін ағаштар бұталды.

Айта кетсек, былтыр аудан тұрғындары жиі баратын демалыс орындары мен скверлерге, парктер мен аллеяларға 23 мың түп туя, сән ағаштары, сирень, шынар, қарағаш, қарағай, каштан мен бадам секілді көшеттер отырғызылған еді. Биыл тағы 30 мың түп көшет егу жоспарлануда.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының әкімі Өзбекстанға жұмыс сапарымен барып, туризмді дамыту бойынша келіссөздер жүргізді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бастаған облыс делегациясы Өзбекстан Республикасына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында туризм саласына жауапты…
Толығырақ

Түркістанда жаңа өнер орталығы

Республика күні Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаңа Өнер орталығы ашылды. Салтанатты ашылу шарасына…