Жетісайда жаңа мәдениет үйі пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «25 қазан – Республика күні» мерекесі болып бекітілген болатын. Мемлекеттің қалыптасу тарихы ұлықталып, өткеннің өнегесін өскелең ұрпаққа насихаттайтын мерекені Жетісай ауданының жұртшылығы да жоғары дәрежеде атап өтті. Салтанатты мереке аясында Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Атақоныс елді мекеніндегі мәдениет үйі пайдалануға берілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

1957 жылы қолданысқа берілген мәдениет үйіне 2014 жылы ағымдағы жөндеу жүргізілген. Биылғы жылдың мамыр айында 0,9346 шаршы метр аумаққа басталған күрделі жөндеу жұмыстарының жалпы құны 342 млн 805 мың теңгені құраған.

Өндірістік кестеге сәйкес жұмыстарды межеленген уақытта аяқтаған «Намыс» ЖШС мердігер мекемесі мәдениет үйін мерекеде ел игілігіне тапсырып отыр. Жаңартылған кешенде мәдениет үйінің қызметкерлерімен қатар ауылдық кітапхана, спорттың бірнеше түрінен үйірмелері жұмыс істейтін болады.

Қолөнер бұйымдары мен кітап, сурет көрмесі жұртшылық назарына ұсынылған мерекелік шараға аудан әкімі Серік Мамытов пен аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов, «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаров, еңбек ардагерлері мен жергілікті тұрғындар, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жергілікті мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, сан саланың үздіктері қатысты.

Сонымен қатар, мерекелік іс-шарада аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының төрағасы Асқар Қайназаровтың арнайы алғыс хаттары табыс етілді.

Мемлекеттік тарихымыздың мерейлі мерекесі болған Республика күні мерекесінің салтанатты бөлімінен соң аудан өнерпаздарының мерекелік концерттік бағдарламасы көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Патриоттық әндерден шашу шашылып, Жетісай аспанын ұлттық құндылықтармен көмкерді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ЕҢБЕК АДАМДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Сайрам ауданы білім бөлімінің №30 Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектепте еңбек адамдарын ұлықтауға арналған салтанатты марапаттау рәсімі…
Толығырақ

Түркістан облысының делегациясы қытай еліне жұмыс сапарымен барып, жаңа серіктестік мүмкіндіктерін талқылады

Түркістан облысына қарасты аудан және қала өкілдері шет мемлекеттерге іссапарлар ұйымдастырып, тәжірибе алмасу жұмыстарын жүргізуде. Ордабасы ауданының әкімі…
Толығырақ

Жетісайда сенбілік өтті

Тазалықтың сақталуын денсаулықтың негізгі тетігі деп білетін жетісайлықтар Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыхалықтық тазалық…