«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРЫ ЖЫЛЫНА» орай жеңімпаздар марапатталды

Түркістанда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Президенттің «2025 жыл – Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты облыстық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен байқаудың негізгі мақсаты – өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, еңбек адамдарының өмірін дәріптеу.

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға өңірдегі БАҚ өкілдері және әлеуметтік желі қолданушылары қатысып, олар этнос өкілдерінің арасындағы мызғымас бейбітшілік пен еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін жан-жақты насихаттады. Байқау 2025 жылдың 27 қаңтарынан 15 қазанға дейінгі кезеңді қамтыды.

Байқаудың марапаттау шарасында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Эльмира Жанғазиева жиналған қауымды 25 қазан – Республика күнімен құттықтап, байқауға қатысып, белсенділік танытқан қаламгерлерге алғысын жеткізді.

Бірлікке үндеген байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен журналист, кәсіби медиатор Жұлдыз Өтегенова І орын иегері атанып, 150 мың теңгеге ие болды. Жүлделі ІІ орын иегері атанған ХҚТУ-дің Журналистика кафедрасының аға оқытушысы Әтіркүл Тәшімова 100 мың теңгені жеңіп алса, ІІІ орынға Қазақстанның Құрметті журналисі Роза Нарымбетова лайық деп танылып, 50 мың теңгені иеленді.

Бұдан бөлек байқауға белсене қатысқан басқа да БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларына Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы тарапынан Алғыс хаттар мен қаржылай ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Жиын барысында «Шаңырақ» байқауына қатысқан авторлардың шығармаларына шолу жүргізілді. Бұл ретте, басқосуда сөз алған белгілі журналистер, ХҚТУ-дің профессорлары Сейдулла Садықов пен Бекжігіт Сердәлі, Түркістан облысы ҚХА жанындағы Журналистер мен блогерлер клубының төрағасы Ерсұлтан Әмірбек, Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Төребек Байтасов, “Оңтүстік Қазақстан” облыстық газетінің тілшісі, ақын Бауыржан Ерман және «Түркістан» қалалық газетінің тілшісі, ақын Дәурен Тілеухан байқаудың қанаты кеңге жайылып, еліміздегі татулық пен бірлікті насихаттауда рөлі жоғары болғанын атап өтті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

654 заң бұзушылықтар жойылған

Түрістан облысы, Бәйдібек аудандық прокуратурасы ағымдағы жылдың 6 айында ауқымды жұмыстар атқарған. Атап айтқанда заңдылықтың бұзылуының алдын алу…
Толығырақ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Түркістан – ұлтымыздың бойтұмары, түркі дүниесінің мәдени астанасы. Бұл шаһармен халқымыздың ондаған ғасырлық тарихы сабақтастып жатыр. Ежелден құтты…
Толығырақ

Адасқанның айыбы жоқ…

Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты кез келген адамның заңға бағынуын және сол арқылы заң талаптарын қатаң…