Ауылды жерлердегі әйелдердің құқықтық сауаттылығын көтеру мәселелері көтерілді

«AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалы жанындағы Әйелдер қанатының кезекті жұмыс жиыны өтіп, онда қала өміріне қатысты маңызды мәселелер қаралды. Белсенді қыз-келіншектер жиналған басқосу қалалық Әйелдер қанатының төрайымы Роза Аяпбергенованың жетекшілігімен өтті.

«Жиында өңірдегі әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру, әлеуметтік мәселелерді шешуге ықпал ету және отбасы құндылықтарын дәріптей отырып, аймақтағы даму бастамаларына әйелдердің қатысуын күшейту мәселелері сөз болды. Кездесу барысында қатысушылар өзекті тақырыптарды талқылады» деп хабарлайды «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, әлеуметтік қолдау тетіктері, жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнеске әйелдердің қатысуын арттыру, жас аналарды қолдау және ауылды жерлердегі әйелдердің құқықтық сауаттылығын көтеру мәселелері көтерілді. Бұл бағыттар партияның стратегиялық мақсаттарымен ұштасып, әйелдерге арналған нақты қолдау шараларын күшейтуді көздейді.

Жиында сөз алған спикерлер әйелдердің қоғамдағы рөлінің артып келе жатқанын, олардың бастамалары мен көзқарастары өңірдің тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі күш екенін атап өтті. Сонымен қатар, «AMANAT» партиясының әйелдерге арналған жобалары, құқықтық кеңес беру, психологиялық қолдау және кәсіпкерлікті дамыту бойынша бағдарламалары таныстырылды.

Кездесу барысында қатысушылар отбасы институтын нығайту, көпбалалы және әлеуметтік осал топтағы аналарды қолдау, жастар тәрбиесіне үлес қосу жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар алдағы уақытта жүзеге асырылатын бiрқатар ортақ жобалар мен жоспарлар талқыланып, нақты ұсыныстар қабылданды.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts