Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылау және түсіндірме жүргізу мақсатында облыс активінің жиыны өткізілді.
Жиын барысында сөйлеген облыстық мәслихаттың төрағасы, Конституциялық комиссияның мүшесі Нұралы Әбішов өзі қатысқан аталған комиссия отырыстарында Негізгі заңның жаңа нұсқасын
дайындау мен оны қабылдау барысы жайлы мағлұматтар берсе,»Amanat» партиясы Түркістан облысы филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Ербекешев, Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұловтар талқылауға жарияланған Ата заңның жаңа жобасы жайлы пікір-ойларын ортаға салып, оның елдің жарқын болашағы мен әрбір азамат үшін атқарар рөлі мен маңыздылығына тоқталды.
Жиынды қорытындылаған төрағалық етуші Нұралхан Көшеров облыс активіне жаңа Конституция жобасы бойынша шешімді алдағы уақытта елімізде болатын референдумда барысында халық ерікті түрде қабылдайтынын, айта келіп, Конституциялық реформа еліміздің саяси- құқықтық және қоғамдық дамуына ерекше серпін беретінін жеткізді.
Бақытжан БЕЙСЕМБАЕВ, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі.