Алқабилер әділдіктің жаршысы

Соңғы жылдары Түркістан облысында сот істерінде алқа билердің ролі орнығып, ықпалы артып келеді. Кейбір істер алқа билдердің араласуымен оң нәтиже беруде. Алқабилер институты көне замандардан қалыптасқан. Мәселен Ежелгі Грекия мен Римде сот процесстеріне халық өкілдерін қатыстыру әділеттіліктің кепілі саналған. Орта ғасырларда алқабилер жүйесі Англияда кеңінен дамыды.

Ал елімізде институты 2007 жылдан бастап ресми түрде заңнамаға енгізілді. Алқабилер — қоғамда әділ сот төрелігіне атсалысатын ерекше құқықтық мәртебеге ие адамдар тобы. Алқабилердің міндеттері мен рөлі олардың сот жүйесіндегі орны ерекше.  Олар арнайы іріктеу арқылы таңдалып, күрделі қылмыстық немесе азаматтық істерді қарауға қатысады.

Олар қоғам мүшелерінің құқықтық мәдениетін арттыруға, халықтың сот төрелігіне деген сенімін нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл жүйе сот процестерінің ашықтығын қамтамасыз етіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға көмектеседі.

Алқабилердің шешім қабылдау процесіне қатысуы демократиялық қоғамның дамуына ықпал етеді. Алқабилер — тек заңның орындалуын қадағалайтын адамдар ғана емес, әділдік пен бейтараптықты сақтауға арналған қоғамның маңызды бөлігі. Олардың қатысуы сот процестерін халыққа жақындатып, құқықтық жүйенің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Заңға жүгінсек, алқабилерге жиырма бес жасқа толмаған, өтелмеген не алынбаған сотталғандығы бар, сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдар, судьялар, прокурорлар, тергеушiлер, адвокаттар, мемлекеттiк қызметшiлер мен әскери қызметшiлер, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлерi, наркологиялық немесе психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған адамдар енгізілмейді.

Алқаби, оның отбасы мүшелерi және олардың мүлiктерi мемлекеттiң қорғауында болады. Қылмыстық iстi жүргiзетiн орган, егер сотта мiндеттерiн атқарушы алқабиден тиiсті өтiнiш келіп түссе, сондай-ақ аталған адамдардың қауiпсiздiгiне немесе олардың мүлiктерiнiң сақталуына қауiп төнудiң басқа да айғақтары анықталған жағдайларда, алқабидiң, оның отбасы мүшелерiнiң қауiпсiздiгiн, оларға тиесiлi мүлiктердiң сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажеттi шараларды қолдануға мiндеттi.

«Алқаби — соттың қылмыстық iстi заңда белгiленген тәртiппен қарауына қатысуға шақырылған және ант қабылдаған Қазақстан Республикасының азаматтарынан құрылады» дейді Түркістан облысының қылмыстық істер Жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы Жолчиева Гуахар Елубаевна zanmedia.kz сайтында.

Жалпы «алқабилер сотының қандай артықшылықтары бар? Оған кімдер кіре алады?» деген сауалдың тууы әбден мүмкін. Алқабилер туралы әңгіме Қазақстанның Конституциясында да жазылған. Атап айтар болсақ, Ата Заңымыздың жетпіс бесінші бабында «заңда көзделген жағдайларда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен жүзеге асырылады» деп атап көрсетілген. Бұл жүзеге асатын және жүзеге асып келе жатқан процесс.  Алқабилер соты қарапайым халыққа не береді?

Біріншіден:  олар  сот шешімінің әділ өтуіне ықпалын тигізеді
Екіншіден: бұл жүйе халықаралық стандартқа жақын.

Үшіншіден: сот ісіне қатысушылар құқықтық жағынан барынша қорғалады.

Төртіншіден: сотқа деген елдің күмәнді көзқарасы өзгереді.

Бесіншіден: бұл сот жүйесін жетілдіреді.

Алтыншыдан: біз сөз етіп отырған жүйені енгізу үшін «Алқабилер» туралы арнайы заң қабылданған. Сондықтан бұл институттың қажет екендігі, оның заман талабынан туындап отырғаны күн өткен сайын байқалып келеді. Мұның пайдасы өте зор. Өйткені… Оған қарапайым халық қатысады. Аса ауыр қылмыстық істерге олардың қатысуына толық құқығы бар. Тек алдын ала алқаби болатындардың құрамы нақтылануы тиіс.

Алқабилер сотының мүшелері қатысқан процесс өмір көрсеткендей, өте жоғары дәрежеде өтеді. Өйткені айыптаушымен қорғаушының дәлелдері өте сауатты әрі нанымды болуы керек. Қарапайым халықты ғана емес, екі тараптың дәлелдері алқаби мүшелерін де сендіруі тиіс.

Сондықтан да соттың әділетті, сенімді әрі дәлелді өткені дұрыс қой. Алайда кез келген адам алқабилер сотының мүшесі бола бермейді.

«Алқа билер туралы» Қазақстан Республикасының арнайы заңы бар екендігін жоғарыда айттық. Бірақ кез келген адам оған мүше бола алмайды. Олардың тізімі алдын ала бекітіледі, хатталады, сөйтіп мақұлданады. Ал анығын айтсақ, жиырма бес жасқа толмағандар, әлі де жазасын өтеп болмағандар, шартты түрде бостандығынан айырылғандар, жүйкесі ауыратындар, наркологиялық жағынан есепте тұрғандар, сонымен қатар, әскери қызметшілер, судьялар мен осы құқықтық салада жұмыс істейтіндер алқабилер сотына мүше бола алмайды.

Шындығында, жасалған тізімдердің барлығы алдын ала тексеріледі.

Алайда, осы жерде айта кететін бір жәйт. Сарапшылар қорытындысы көрсеткендей, алқаби мүшелерінің кейбіреулері сот процесіне келуге құлық танытпайды. Өйткені олар – қарапайым азаматтар. Көбісі басқа жерде жұмыс істейді. Мүмкін ол сауатты дәрігер, кәсіби инженер немесе жоғары санаттағы мұғалім болуы ықтимал. Себеп — олар жұмыстан дер кезінде босай алмайды. Сондықтан алқабилердің толық жиналмауына байлапнысты сот процесі кейде ұзаққа созылып кетуі мүмкін. Азаматтардың көп жағдайда құқықтық сауаттылығы жетіспей жатады. Мұндай жағдайда ең алдымен олар жауапкершілікті сезінуі керек екенін естен шығармаған абзал» дейді бас маман.

Homepage

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлерден жас буынға рухани сыйлық

Патриоттық тәрбие мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері жас сақшы сыныбының оқушыларына “Капитан Байтасов”…