Ел тыныштығына үлес қосқан ардагер Республика күнімен құттықтады

Ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полиция майоры Бейсенов Гапур Кеңесұлы барша қазақстандықтарды 25 қазан – Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтады.

Гапур Кеңесұлы — өмірін ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне арнаған, кәсіби біліктілігімен, адалдығымен және іскерлігімен ерекшеленген азамат. Ол 1993 жылдың қаңтар айынан бастап ішкі істер органдарында қызмет атқарып, 28 жылға жуық уақыт Арыс ауданы полиция бөлімінде түрлі жауапты лауазымдарда мінсіз қызмет еткен.

2020 жылы шекті жасқа толуына байланысты құрметті зейнеткерлікке шыққан. Қызметтік борышын адал атқарған Гапур Кеңесұлы ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстарды ашуға елеулі үлес қосқан. Сондай-ақ тәжірибелі офицер ретінде жас мамандарға тәлімгерлік жасап, кәсіби бағыт-бағдар беріп отырған.

Қызметтегі жетістіктері үшін ол ІІМ-нің І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен, «Қазақстан полициясына – 20 жыл» мерекелік медалімен және «Үздік қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Бүгінде Гапур Кеңесұлы – ұлтқа адал қызмет етуді ұрпағына үлгі еткен абзал жан. Ол 4 ұл мен 2 қыз тәрбиелеп, 7 немеренің ардақты атасы. Екі ұлы әке жолын жалғап, қазіргі таңда полиция қызметінде абыроймен еңбек етуде. Республика күні қарсаңында елге үлгі ардагер Гапур Кеңесұлы барша отандастарға амандық, бейбіт өмір және берекелі болашақ тіледі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жасөспірімдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтті

Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның себептерін анықтау мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бірқатар…

Кентауда мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

«Кентау қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Мәдениетті…