Адал азамат – әділетті қоғам кепілі

ҚР Сот әкімшілігінің Түркістан облысы бойынша департамент қызметкерлері облыс прокуратурасының ұйымдастыруымен өткен «Заң мен тәртіп» қағидасы аясындағы «Адал азамат – әділетті қоғам кепілі» жас мемлекеттік қызметшілер форумына қатысты.

Форумды облыс әкімі Н.Көшеров ашып, Астана мемлекеттік қызмет хабы басқару комитетінің төрағасы Ә.Бәйменов, мемлекет және қоғам қайраткері Оразқұл Асанқызы спикерлер ретінде қатысып жастарға бағыт-бағдар беретін ойларымен бөлісті.

Іс-шараға облыстық соттың төрағасы А.Сұлтанов және облыстың басқада мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметтің ашықтығы, заңдылықты сақтау, қоғамдағы әділдікті нығайту және жастардың кәсіби дамуы бағытында мазмұнды пікір алмасу өтті.

Сот қызметкерлерінің мұндай форумдарға қатысуы – құқықтық мәдениетті көтеруге, қоғаммен өзара тиімді байланыс орнатуға және жас буынға әділдік қағидатын жеткізуге ықпал етеді.

Түркістан облыстық сотының  баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сахналық қойылым көрсетілді

«Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен, «Заң және тәртіп» қағидаты негізінде, жасөспірімдермен орын алатын қылмыстар және құқықбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында…
Толығырақ

Жасөспірімдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтті

Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның себептерін анықтау мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бірқатар…