Ордабасы өңірінің тумасы Жақсылық Нұршат Нұрланқызы – тәртіп сақшысы болуды бала кезінен армандаған жан. Бүгінде ол Төлеби аудандық полиция бөлімінің айдауылдау тобының полицейі болып қызмет атқарып, әке жолын лайықты жалғап жүрген абыройлы арулардың бірі.
Нұршат Нұрланқызы – туып өскен ауылында погон таққан алғашқы қыздардың қатарында. «Полицей болсам» деген бала арманын жүрегінде бек сақтап өскен ол бүгінде сол арманын жүзеге асырып, ер-азаматтармен тең дәрежеде қызмет етуде. Оның бұл таңдауына түрткічболған әкесі, Ордабасы аудандық полиция бөлімінде 25 жылға жуық адал еңбек етіп абыроймен зейнеткерлікке шыққан Нұрлан Керимов.
Әкеден дарыған тәртіп пен жауапкершілікті бойына сіңірген Нұршат бүгінде қызметтік міндетімен ғана шектелмей, қоғаммен байланысты нығайтуға бағытталған заманауи бастамаларды да жүзеге асыруда. Соның бірі – жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, жол қауіпсіздігі ережелерін түсіндіретін цифрлық контент әзірлеу және жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған профилактикалық материалдар дайындау.
Бұл – жаңа заман талаптарына сай полиция қызметін цифрландыруға, тұрғындармен тиімді коммуникация орнатуға бағытталған маңызды қадамдар. Сақшы арудың айтуынша «Полиция әрқашан халыққа жақын болуы тиіс. Заманауи ақпараттық тәсілдер – осы мақсатқа жетудің ең тиімді жолдарының бірі».
Әке жолын абыроймен жалғап, ел тыныштығы үшін табанды еңбек етіп жүрген Нұршат Нұрланқызы – жігері, жауапкершілігі және жаңашыл көзқарасымен ерекшеленетін жаңа буын полицейлердің жарқын өкілі. Оның қызметке деген адалдығы мен тың бастамалары жас мамандар үшін де, жалпы қоғам үшін де үлгі болары сөзсіз.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі