Шардарада 225 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
«Шардара аудандық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Қ. Сатыбалдиевтің бастамасымен Әкімшілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері аудан аумағында «бір нүктелік» рейдтік іс-шара өткізді. Рейдке полиция бөлімінің 35 қызметкері жұмылдырылды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Төрт тәуліктің ішінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде 225 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде: 1 жүргізуші мас күйінде көлік басқарған, 1 жүргізуші қарама-қарсы қозғалыс жолағына шыққан, 10 жүргізуші міндетті сақтандырусыз жүрген, 5 тұлға қоғамдық орындарда әдепсіз қарым-қатынас жасаған, 5 жүргізуші көлікке қатысты талаптарды сақтамаған, 3 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған, 40 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаған, 10 жүргізуші бағдаршамның тыйым салынған сигналына өткен, 40 жүргізуші жаяу жүргіншіні өткізбеу дерегімен анықталған, 15 жүргізуші жүргізуші куәлігінсіз көлік басқарған, 15 жаяу жүргінші жол қозғалысы ережелерін бұзған.
Барлық анықталған құқық бұзушылықтар бойынша тиісті әкімшілік шаралар қолданылды.
А.Асыл.