Ардагерлерге құрмет – жас ұрпаққа үлгі

25 қазан — Республика күніне қарсы Отырар аудандық полиция бөлімінде салтанатты жиын ұйымдастырды. Іс-шара «Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» тақырыбында ұйымдастырылып, онда аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Медетбек Бурибековті зейнеткерлікке шығарып салу рәсімі өтті.

Сонымен қатар, бірқатар қызметкерлер аудандық полиция бөлімінің бастығының алғыс хаттарымен марапатталды.

Жиынға полиция ардагерлері – ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмахан Әбдіқадырұлы, сондай-ақ Серікжан Намаев, Алтынбек Айтбенов, Уалихан Диханбаев, Берік Аманбаев пен басқа да ардагерлер қатысып, қызметкерлерді Республика күнімен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АДВОКАТ БОЛУ АРДЫҢ ІСІ

Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты — осы. Сол себепті бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те…
Толығырақ

М.Қабденов: Түркістан облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 52000-нан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Профилактика жылы» аясында және “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес Түркістан…
Толығырақ

Профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Отырар ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қаңтарда интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Интернет алаяқтық…