Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен қағидалары

Біздің елімізде жоғары заң күші бар жөне бүкіл аумақта тікелей қолданылатын Конституция әр адамның, ұйымның бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сот арқылы қорғау мүмкіндігін бекітеді. Осындай қорғанудың негізгі нысаны — азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен істерді қарап шешу болып табылады. Азаматтық істерді сотта қарап шешуге көптеген құқық субъектілері қатысады. Олардың барлығы сот ісін жүргізуде оның қағидаларын сақтап ұстануға тиіс. Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары сотта тараптар арасындағы құқықтың дауды демократиялық жолымен дұрыс және жылдам шешуге үлкен үлес қосады.
Әрбір құқық саласының ерекшелігі онын, қағидаларында өз көрінісін табады. Құқық теориясында қағидаларды құқықта көрсетілген нормативті бастаулар, бастапқы идеялар, негіздер деп қарастырған. Атақты ресейлік заңгер ғалым С.С. Алексеевтің пікірінше «қағидалар — бұл құқықтың мазмұнын тереңінен ашады. Қағидаларда жалпы құқықтың, сондай-ак оның нақты салаларындағы сипаттаушы белгілер кристалданады. Құқық қағидалары нақты құқықтық нормаларда анық көрінеді. Олар құқықта кеңінен таралғандай, оның барлық не көбінесе құқықтың нормаларына енгізілген. Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларын ғылыми зерттеулермен айналысқан ғалымдар аз емес. Олардың қатарына еңбектерімен көпшілікке белгілі ғалымдар М.Г. Авдюков, З.Х. Баймолдина, А.Т. Боннер, Р.Е. Гукасян, М.А. Гурвич, П.Ф. Елисейкин, С.З. Зиманов, В.М. Семенов, А.К. Сулейменов және т.б. жатқызуға болады.
Сондай-ақ, оның азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары жайлы білген, жалпы соттағы азаматтың істерді қарап және шешу тәртібін белгілейтін құқықтық іс жүргізу нормаларының құрамы жөнінде хабары болады. Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары құқықтық нормаларда бекітіліп, нақты құқық туралы дауды сот отырысында шешуді, сот пен іске қатысушылардың іс жүргізу құқықтарын және іс жүргізу міндеттерін, қатынастарын белгілейді. Кезінде белгілі процессуалист-ғалым Н.А. Чечина былай деп айтқан: «Азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары осы құқықтық саланың, субъектілер қызметтерінің сипаты мен мазмұнын айқындайды». Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, оны жетілдіру шаралары әрқашан оның қағидаларын ескере жасалады.
Азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларінің маңыздыларын соттың құқық қолдану тәжірибесінен байқауға болады. Сотта азаматтық істерді қарайтын және шешетін төрағалық етуші судьялар азаматтық сот ісін жүргізудің қағидаларын басшылыққа алып қолданады. Оларды қолдану арқылы азаматқы істер бойынша сот төрелігі дұрыс және уақтылы атқарылады. Егер сот қолданыстағы заң нормаларында белгілі қатынасты реттеу қарастырылмаған болса, онда мұндай жағдайда ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған жағдайда оны реттеуге қағидаларды қолданады.
Осылай, азаматтық сот ісін жүргізудің жеке өзіне тиесілі қағидаларын белгілеуге болады. Қағидалар әрқашан құқықтың дамуына байланысты өзгеріп, ал оның мазмұны үнемі толыға, жаңара береді. Сол арқылы дамып жатқан қоғамдың қатынастарды реттеуге ат салысады.
Бас-маман сот мәжілісі хатшысы Ж.Сулейменова.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ЖАЛҒАН ЖАҢАЛЫҚПЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

     Жaңалықтар мақалаларының жанры терең журналистік зерттеулерден бастап қарапайым парақшаларға дейін ауқымды кеңістікті құрайды. Әр түрлі типтегі…
Толығырақ

Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.…