Азаптау және денсаулыққа зиян келтіргені үшін бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысының Жетісай аудандық сотында дәрменсіз күйде болған адамға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтіру және азаптау (ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы) бойынша айыпталған С.-ғақатысты қылмыстық іс қаралды (ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 3) тармағы).

Сотпен анықталғаны:

Сотталушы С. 2020 жылдан бері денсаулығы нашарлап, қозғалуында қиындықтары болған 70 жастағы әкесін жүйелі түрде ұрып-соққан. Салдарынан жәбірленуші физикалық және психикалық азап шегіп, денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтірілген.

Сотталушының кінәсі өзінің түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, аудио-бейне материалдармен, сондай-ақ сот-медициналық сараптамалардың қорытындыларымен толық дәлелденді (алынған жарақаттар орташа ауырлықтағы дене жарақаты ретінде сараланып, өліммен тікелей себептік байланысы жоқ).

Соттың шешімі:

ҚР ҚК 107-бабы 2-бөлігінің 3) тармағы бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

ҚР ҚК 110-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Сот жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайларды: бұрын сотталмағаны, кінәсін мойындауы және өкініш білдіруі, кәмелетке толмаған балаларының болуын ескерді. Ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Сот үкімімен С.-ға түпкілікті жаза ретінде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыружазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts