«Бәйдібек ауданының Мәдениет сарайында Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға 400-ге жуық аудан тұрғыны мен қонақтары қатысты» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
Іс-шараға аудан әкімінің міндетін атқарушы Бақыт Қырғызалиев пен полиция бөлімінің бастығы Нұрдәулет Ажибеков, сондай-ақ аудандық мекемелердің қызметкерлері мен ардагерлер қатысты.
Салтанатты жиын барысында мемлекеттік қызметте адал еңбегімен ерекшеленген қызметкерлер мен ардагерлер аудан әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мерекелік бағдарлама аясында концерттік қойылымдар ұйымдастырылып, отандық және патриоттық әндер шырқалды. Көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен мерекелік рух сыйланды.