Бірлескен мәжіліс өтті

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалы кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін талқылау мақсатында бірлескен мәжіліс өткізді.
Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Талғат Қозбеков, облыс прокурорының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, Кеңес төрағасы Орынбасар Кабиштаев, «Түркістан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ аппарат басшысы Бердібай Күзембаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың жауапты басшылары мен бизнес қауымдастықтарының өкілдері қатысты.
Мәжілісте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, жер қатынастары, шағын бизнесті дамыту және мемлекеттік сатып алу салаларындағы жүйелі проблемалар талқыланып, нақты ұсыныстар айтылды.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

МЕДИАЦИЯ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

«Медиация» термині латынның  «mediare», делдалдық ету деген сөзінен шыққан. Медиация — үшінші, бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес…