Түркістан облыстық Полиция департаментінде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы халықаралық науқанның басталуына арналған брифинг өтті. Іс-шарада Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының «Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес» бөлімінің маманы Әйгерім Жарқынбек ақпарат берді.
Спикердің айтуынша, жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» науқаны әлемнің 180-нен астам елін қамтиды.
Биылғы іс-шара «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» ұранымен өтуде. Науқан аясында өңірде тұрғындармен кездесулер, семинарлар, мобильді топтардың жұмысы, ақпараттық жадынамалар мен әлеуметтік роликтерді тарату бойынша кешенді шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар «Orange Day» акциясы аясында ғимараттарды қызғылт сары түспен жарықтандыру және әлеуметтік желілерде арнайы хэштегтермен флешмоб өткізу жоспарланған.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі