Бұл Заңды білесіз бе?

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық кодекске некеге тұруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауаптылық көзделген жаңа 125-1-бабы енгізілді.

Аталған Заңға Мемлекет басшысы 2025 жылғы 16 шілдеде қол қойды. Осы Заң қылмыстық заңнаманы оңтайландыру шеңберінде қабылданды.

«Неке және отбасы туралы» Кодекстің 25-бабының 1-тармағы 2)-тармақшасына сәйкес, мәжбүрлеу арқылы қиылған неке жарамсыз деп танылады. Неке – бұл ерікті одақ, ол тек екі жақтың өзара келісімімен ғана жасалуы тиіс.

Мәжбүрлеу, әсіресе қысым, қорқыту, психологиялық немесе физикалық зорлық көрсету – бұл адамның негізгі құқықтарын бұзу болып табылады.

Жаңа заңнамаға сәйкес, қорқыту, бопсалау, күш қолдану немесе басқа да қысым көрсету арқылы некеге мәжбүрлеу үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді, ал егер ауыр зардаптар болса – 10 жылға дейін.

Бұл қабылданған шаралар азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге, жазаның бұлтартпауын қамтамасыз етуге және қоғамда жеке бостандыққа қол сұғушылықтарға төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Түркістан облысының прокуратурасы 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Мақтаарал ауданындағы Агроколледжде студенттермен ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.…
Толығырақ

Сот дөңгелек үстел өткізді

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында «Талапкерлердің талап арызын бітімгершілікпен аяқтау» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға…