Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабы 9-тармағына сәйкес, квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқарушылық функцияларды орындайтын тұлғалар мен олардың жұбайлары (зайыптары) ұсынған, жеке тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтерді жариялауға қатысты туындайтын сұрақтар бойынша жиналыс өткізілді.
Жиналысқа Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары және ведомстволық бағыныста квазимемлекеттік сектор субъектілері бар өңірлік басқармалардың басшылық құрамы қатысты.
Бұл, декларация тапсыруға міндетті тұлғаның жыл сайын тапсырған декларациясының мазмұнын (табыс, мүлік, активтер туралы деректер) ашық түрде қоғамға қолжетімді ету.
Қазақстанда бұл процесс адалдықты, ашықтықты және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында енгізген.
habarlike.kz