Дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға аудандық соттың төрағасы Б.Сауран мен судьялары, жергілікті полиция қызметі басқармасының, Түркістан, Кентау қалалық, Отырар, Арыс, Сауран аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар жөніндегі полиция бөлімінің және облыстық білім басқармасының өкілдері қатысты.
Шара барысында Б.Сауран құқық бұзу – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін құбылыс, құқықбұзушылықты алдын алу әрбір азаматтың, отбасының, оқу орнының, жұмыс ұжымының және мемлекеттік органдардың ортақ міндеті екенін, жас өсіпірімдер құқықбұзушылық жасаған жағдайда тек жазалау шараларымен шектелмейтінін, оларға тәрбие беру және құқықбұзушылықты алдын алу жұмыстарын жүйелі жүргізу қажеттігін атап өтті.
Іс-шараға соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарына жауаптар алды.
Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Декларацияда көрсетілген мәліметтерді жариялауға қатысты түсіндірме жүргізді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 11-бабы 9-тармағына…
Толығырақ

Прокурор активтерді қайтарды

Қазығұрт ауданында мемлекетке қайтарылған активтер есебінен ауыз сумен жабдықтаудың жаңа жүйелері іске қосылды. «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске…