«Халық заңгері» республикалық акциясы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Заң факультетінің студенттері Әділет министрлігі, Бас прокуратура және ZAKON.KZ желілік басылымы бірлесіп ұйымдастырған «Халық заңгері» республикалық акциясына белсене қатысты.

Бұл акция қоғамның құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған маңызды әлеуметтік бастама, ал Заң факультетінің білімгерлері осы игі істің бел ортасында жүрген жас мамандар. Олар Түркістан қаласының негізгі сауда және білім орталықтарында азаматтарға тегін құқықтық кеңес беріп, қоғам мен мемлекет игілігіне қызмет етудің жарқын үлгісін көрсетті.

Қызмет көрсетілген нүктелер:

«Turan mall» СО, «Khanshayim plaza» СО, «Karavan saray» сауда-ойын-сауық орталығы, «Керуен сарай» сауда-ойын-сауық орталығы және «Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі.

Университетіміздің заңгер-еріктілері — кәсібилігі мен білімін іс жүзінде дәлелдеп, қоғам мен мемлекет мүддесі үшін қызмет етудің нағыз үлгісін көрсетті. Бұл шара студенттердің практикалық дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, Заң факультетінің беделін арттырып, азаматтар арасындағы сенімді нығайтты.

Заң факультетінің студенттері азаматтарға практикалық көмек көрсетіп қана қоймай, өздерінің кәсіби деңгейін, жауапкершілігін және заңгерлік ұстанымын дәлелдеді.

Бұл тәжірибе — олардың білімін шыңдап, болашақ маман ретінде қалыптасуына зор мүмкіндік берді.

Заң факультетінің деканы Қасымбек Алия Орынбасарқызы факультет студенттерінің қоғам алдындағы белсенді ұстанымын ерекше атап өтіп, олардың еңбегіне алғыс білдірді.

Бүгінде ХҚТУ Заң факультеті – білім мен әділдікті ұштастырып, ел сеніміне ие болған беделді орталықтардың бірі.

П.Манан

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

«Жас сақшылармен» жолықты

Сауран ауданының бас полицейі Алмат Абидинов жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен Тәртіп» тақырыбында кездесу өткізді…
Толығырақ

Сот шешімінің күшін жойды

Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы борышкердің жүргізуші куәлігін қолданылуын тоқтату туралы бірінші сатыдағы сот шешімінің…
Толығырақ

156 әкімшілік шара көрілді

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі Кентау қаласында жол қауіпсіздігіне бағытталған шаралар күшейтілгенін хабарлайды. «Жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау,…