«Халықтық заңгер»: полиция басшылығы тұрғындарды қабылдады

Қазақстандықтар мемлекеттік органдар мен белгілі заңгерлерден тегін құқықтық кеңес ала алады. Бұл жалпыұлттық акцияға Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары А.Бейсенбаев бастаған басшы құрамда өз үлестерін қосып, тұрғындардың мәселелерін қарап, құқықтық кеңес беруге бекітілді.

Аталған басшы құрам Түркістан қаласындағы халық көп шоғырланатын 5 орында азаматтарды қабылдауда. Мұнда тұрғындар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан тегін кәсіби кеңес алуда. Яғни күні бойы полицейлер азаматтардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдап, толық түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

Халық үшін қолайлы іс-шарада тұрғындар алдын ала жазылып, кезек күтпестен заң аясында жауап алады. Ал халыққа жақын болуды басты мақсат санаған тәртіп сақшыларына жұртшылық сенім білдіріп, қызметтеріне алғыс айтты.

Іс-шараның басты мақсаты-халыққа жақын болу және оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға көмек көрсету. «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, азаматтардың полицияға деген сенімін нығайтуға және халықпен кері байланысты қамтамасыз етуге бағытталған осындай іс-шаралар Түркістан облысының барлық аудандарында өтуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түнгі рейдтер: жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға арналған іс-шара

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы…