Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері интернет кеңістігінде жасалатын алаяқтық қылмыстарының алдын алу және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында тұрғындарға интернет алаяқтарының әрекет ету тәсілдері түсіндірілді. Атап айтқанда, бейтаныс тұлғалардан келген күмәнді хабарламаларға жауап бермеу, жалған интернет-дүкендер мен инвестициялық платформаларға сенбеу, сондай-ақ жеке және банк деректерін ешкімге бермеу қажеттігі ескертілді.

Сонымен қатар полицейлер азаматтарға әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралатын күмәнді сілтемелерге кірмеуді, тек ресми және тексерілген дереккөздерге жүгінуді ұсынды. Полиция қызметкерлері тұрғындарды қырағылық танытып, киберқылмысқа жол бермеуге және алаяқтарға алданбауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Арыс қаласында балабақша тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда»…
Толығырақ

М.Қабденов: Түркістан облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 52000-нан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Профилактика жылы» аясында және “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес Түркістан…