Отбасы қатынасынан туындайтын зорлық зомбылықтың алдын алу

Отбасы- адамның өте маңызды, өте жауапты жанұясы, себебі отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасының негізгі міндеті –тәрбиелеушілік міндет.

Отбасы-тұрмыстық қатынастар – ерлі-зайыптылар, бұрынғы ерлі-зайыптылар, бірге тұратын немесе бірге тұрған адамдар, жақын туыстар, ортақ баласы (балалары) бар адамдар арасындағы қатынастар болып табылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға (басқаларға) қатысты дене зардабын және (немесе) психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті (іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі).

«Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері

  1. Тұрмыстық зорлық-зомбылық күш көрсету, психологиялық,сексуалдық және (немесе) экономикалық зорлық-зомбылық түрінде болуы мүмкін.
  2. Күш көрсету зорлық-зомбылығы – дене күшін қолданып, денені ауыртып денсаулыққа қасақана зиян келтіру.
  3. Психологиялық зорлық-зомбылық – адамның психикасына қасақана әсер ету, оны қорқыту, қорлау, бопсалау немесе құқық бұзушылықтарды немесе өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін, сондай-ақ психикалық, дене және жеке басы дамуының бұзылуына әкелетін әрекеттерді жасауға мәжбүрлеу (еріксіз көндіру) арқылы ар-намысы мен абыройын кемсіту.
  4. Сексуалдық зорлық-зомбылық – адамның жыныстың тиіспеушілігіне немесе жыныстық еркіндігіне қауіп төндіретін құқыққа қарсы қасақана іс-әрекет, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға қатысты сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер.
  5. Экономикалық зорлық-зомбылық – адамды заңмен көзделген құқығы бар тұрғын үйінен, тамағынан, киімінен, мүлкінен, қаражатынан қасақана айыру.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамның құқықтық санасына және мінез-құлқына жүйелі түрде мақсатты ықпал ету үшін, оның тарапынан жаңа құқық бұзушылықтар жасалуының алдын алу және жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары:

1) профилактикалық әңгімелесу;

2) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы жасау не қорғау нұсқамасын шығару үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған адамды ішкі істер органдарына жеткізу;

3) қорғау нұсқамасы;

4) әкімшілік ұстау;

5) медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары;

6) құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу;

7) әкімшілік жаза қолдану;

8) ата-ана құқығынан айыру не оны шектеу, бала (ұл, қыз) асырап алудың күшін жою, қорғаншыларды және қамқоршыларды өз міндеттерін орындауынан босату және одан шеттету, баланы патронаттық тәрбиешінің тәрбиесіне беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу;

9) іс жүргізудің мәжбүрлеу шаралары және қылмыстық процесте жәбірленушілердің қауіпсіздік шаралары;

10) сот үкімі бойынша қолданылатын шаралар болып табылады.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жеке профилактикасы шаралары өзіне қатысты қолданылатын адамның жеке ерекшеліктері, ол жасаған құқық бұзушылықтардың қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі ескеріле отырып айқындалады.

Мүдделі адамдар жеке профилактика шараларын қолдану туралы шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағым жасауы мүмкін.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы саласындағы заңдылықтың сақталуына жоғары қадағалауды прокуратура органдары жүзеге асырады.

Жәбірленушілердің жеке және отбасылық өмірі туралы мәліметтер құпия ақпарат болып табылады және жария етуге жатпайды.

Өзінің қызмет бабына байланысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі мәлім болған адамның құпия ақпаратты жария етуі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Отбасы қатынасынан туындайтын зорлық зомбылықтың алдын алу мақсатында дөңгелек үстел, БАҚ арқылы насихаттар, ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілуде.

Арыс аудандық сотында жалпы 2023 жылдың тоғыз айында жалпы отбасы қатынасынан туындайтын  жалпы 20 әкімшілік құқық бұзушылық іс түскен. Оның 10 әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша тараптардың татуласуымен қысқартылған, 9 әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша құқық бұзушыға ескерту берілген, 1 әкімшілік құқық бұзушылық іс бойынша құқық бұзушыға әкімшілік қамақ қолданылған.

Арыс аудандық сотының бас маманы

А.Ерланқызы

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.…
Толығырақ

Азаматтық іс жүргізу қатынастары

Құқықтық қатынас – құқық нормаларымен реттелген, құрамында өзара алмасып отыратын құқықтар және субъектілері арасында заңдық байланысы бар қоғамдық…